ДИКТОР Алкоголь өнімдерінің сатылымын цифрлық технологиялар арқылы шектеу. Құқық қорғау органдарының бастамасымен өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен жиында спирттік ішімдіктерді түнгі уақытта сатуға қойылған тыйымды автоматтандыру жолдары талқыланды.

РКС: Былтыр түнгі уақытта алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан 300-ге жуық кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, 80 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл да, лицензиядан айырылу қаупі де кейбір кәсіпкерлерді заң бұзудан тежей алмай отыр. Ал алкоголь әлі де қылмысқа апаратын негізгі фактордың бірі.

СНХ: ДӘУРЕН БАЗАРБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз жасаған талдаулардың нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың көбісі алкогольдык өнірдерін пайдалану арқылы орын алып жатыр. Осыған орай талдау жасадық. Нәтижесінде біз түнгі уақыттарда заңмен шектелген мерзімдерде алкоголь өнімдерді сатылуын көптеген деректердің аңықталғаны көріп отырмыз. Және же бұл кәсіпкерлердің мүддесін қорғау мақсатында жаңағы түнде алкогольдық өнімдерді сатпау үшін ұсыныстар енгіздік. Қазіргі уақытта қолдау тапты.

РКС: Мәселені шешу үшін ақмолалық кәсіпкерлерге заманауи цифрлық тетік ұсынылды. Бүгінде ірі сауда желілерінде кассалық аппараттар арқылы алкоголь өнімдерін түнгі уақытта автоматты түрде бұғаттау жүйесі кеңінен қолданылып келеді. Кездесу барысында кәсіпкерлерге бұл жүйені енгізу тетіктері таныстырылып, заң талаптарына сай жұмыс істеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тараптар мемлекет тарапынан адал кәсіпкерлікті қолдау жалғаса беретінін атап өтті. Нәтижесінде кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің мақсатымыз – бизнес қауымдастығын заң талаптары мен жаңа тетіктер жөнінде толық әрі нақты ақпаратпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, адал кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілер туындаған жағдайда құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті қолдау көрсетілуі тиіс. Өткен жылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында 438 миллион теңгеден астам сомаға бизнес мүддесі қорғалды. Бұл жұмыста прокуратура біздің негізгі стратегиялық серіктесіміз болып отыр.

РКС: Жалпы, былтыр өңірлік кәсіпкерлер палатасына бизнес құқықтарын қорғау бағытында 300-ден астам арыз-шағым түскен. Оның жартысынан көбі оң шешімін тапты. Нәтижесінде 438,5 миллион теңгеден астам сомаға кәсіпкерлердің құқықтары қорғалған.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМИРЛАН САБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ