ДИКТОР: Көкшетауда волонтерлердің әлеуметтік желілерде жеке брендін дамыту және насихаттауына қатысты оқыту дәрісі өтті. Халықаралық волонтерлер жылы аясында ұйымдастырылған шараға өңірдің белсенді жастары жиналды.

РКС: Іс-шара барысында арнайы спикерлер дәріс пен шеберлік сабақтарын өткізді. "Amedia" студиясының негізін қалаушы, әрі маркетолог Мәдина Шумақбаева жеке брендті дамыту және әлеуметтік желілерде аудиториямен тиімді байланыс орнату жайлы ақпарат берді. Блогер және кәсіпкер Әлихан Қайырбек жеке бренд арқылы онлайн және офлайн бизнесті дамыту тәжірибесімен де бөлісті. Шара "Жас Ақмола" сыйлығының лауреаты Қуаныш Мұқышевтың жасанды интеллектке қатысты шеберлік сабағымен аяқталды.

СНХ: ӘЛИХАН ҚАЙЫРБЕК, БЛОГЕР: Шараның мақсаты неде? Мақсаты - блогерлік тәжірибеммен бөлісіп, қоғамдық өмірде белсенді болу. Сонымен қатар, аудиторияны қалай сақтау керектігі туралы мәлімет беру. Мен бизнес өкілі болғандықтан, оны неден бастау керек, оны сақтап қалудың жолдары туралы айтамын. Жастарға тиімді ақпарат бере аламын деген үміттемін.

СНХ: ҚУАНЫШ МҰҚЫШЕВ, "АSTANA HUB" ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНТЕНТ МЕНЕДЖЕРІ: Мен жасанды интеллект интеграторымын. "Web3" маркетинг зертханасы қауымдастығының көшбасшысымын. Сонымен қатар, контентпен айналысамын. Қазір адамдар күніне кемінде төрт сағатын телефонда өткізіп, жасаушылар жасаған контентті тұтынады. Ал жасанды интеллект танымал үрдіске айналды. Біз бұрын бұл серпінді байқамадық, бірақ қазір бұл бейнелер соншалықты шынайы болып кетті. Оларды қайта-қайта көргіңіз келе береді. Жасанды интеллекттің қолданылу аясы өте кең, оны меңгеруге болады. Бұл игеруге болатын дағды.

РКС: Қатысушылар алған білімдерін бірден сарапшылармен талқылап, көкейтесті сұрақтарын қойып, өз әсерлерімен бөлісті. Волонтерлер үшін бұл кездесу тек жаңа дағдыларды игеріп қана қоймай, оны әрі қарай дамытуға мүмкіндік берді.

СНХ: РҮСТЕМ ҚАЙСАРБЕК, ВОЛОНТЕР: Мен "Жастар рухы" жастар қанатының волонтерімін. Бұл шеберлік сабағы біз үшін өте пайдалы. Мен блогерлікке енді ғана қадам бастым. Осылайша, колледж белсендісі, әрі волонтер ретіндегі өмірімді көрсеткім келеді. Өзіме көптеген пайдалы ақпарат алдым.

РКС: Іс-шара жастар арасында заманауи дағдыларды дамытып, ақпараттық кеңістіктегі волонтерлердің белсенділігін арттыруға бағытталған.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ