ДИКТОР: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып - ұлт құндылығы. Бабадан қалған асыл мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, мәдени дәстүрді көненің көзіндей сақтап, дәріптеп жүрген жандарды көргнеде көз тояды. Ақмола өңірінде қолөнерімен өзгелерді тамсандырып, үлгі болатын Қойшы Кәмәнас пен Қуанар Бағдал қазақтың дәстүрін ұстанып қана қоймай ұрпағына ұлықтап жүрген жандар. Қара шаңырақтың қазыналы жандарымен тілшіміз Ризагүл Шәменова танысып қайтты.

РКС: Қолөнер-қазақ елінің ертеден келе жатқан, тамырын тереңге жайған ұлт мұрасы. Қойшы ата мен Қуанар апаның шаңырақ көтергендеріне 40 жыл. 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді. 6 немеренің сүйікті ата-әжесі. Он саусағынан өнер тамған шебер апа сырмақ басып, ұршық иіріп, құрақ құрап үйдің сәнін келтіріп отыр.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ақ жаулықты ана үй тұрмысына қажетті бұйымдарды өзі кестелеп, құрақтап тігеді. Төр бөлмесі қазақтың ою өрнегімен көмкерілген, көздің жауын алар текеметтер мен құрақ көрпелерге толы.

СНХ: ҚУАНАР БАҒДАЛ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Малдың жүнінен істелген сырмақ табаныңа жылы, сыз өтпейді. Мұның бәрі қойдың жүнінен істеледі. Оны жуамыз. Оны сабаймыз. Түрлі-түске бояймыз. Оны қолымызбен қосып жөрмейміз. Шидің астындағысын, бөлек жөрмеп үстінен жаңағы ұршықпен иіріп жиекті басып сырмақ істейміз.

РКС: Отағасы Қойшы ата да қолөнердің хас шебері. Жасында аң аулап, аттың құлағында ойнаған азамат. Жылқының қыр-сырын жатқа біледі. Өз қолымен ертоқым тоқып, қамшы өрген. Қазақ ердің белдігіне де аса үлкен мән берген халық. Әкесінен үйренген өнерді, өзгелерге өнеге етіп жүрген Қойшы Кәмәнас үйдегі көненің көзіне айналған күміс белдікті қалай жасағанын айтып берді.

СНХ: ҚОЙШЫ КӘМӘНАС, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Мынау сәндік белбеу. Мұның өзі 2 түрлі нәрседен жасалады. Мына 1-ші құйма деген болады. Құйма-қалып оның ішінде қорғасын болады. Мына күмістің астында қорғасын. Мына бетіндегі тастар маржаннан. Оларды ертіп белдікке осы өрнектің ішіне құямыз, бұл сәнді көрінеді. Мынау қайыс емес, қайыс былғарының ішінде кетіп қалды. Нойылдың жібімен тігіп. Адаммның беліне сәйкес істейміз.

РКС: Берекелі үйдің дастарқаны да ақтан жасалған ұлттық тағамға мол. Сықпа құрт, сары май, қаймақ пен ыстық бауырсақ қашан да бұл отбасының дастарқанынан түскен емес.

ИНТЕРШУМ: Дас

СНХ: ҚУАНАР БАҒДАЛ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Сүтті ірітіп істеген ақ ірімшік қазақтың бір ұлттық тағам осы. Сүтті пісіріп аламыз да, оны сүзіп қатты баптап, төрт бұрыштап турап ақ ірімшік істейміз. Ал, егер мұны қайната берсек қызыл ірімшік болады. Сары судың өзінен, құм тәтті салып қайнатып тәті тағам жасауға да болады.

РКС: Көзіміздің тірісінде ұлттық өнерді ұрпағымызға үйретіп кетсек,-дейді. Өйткені, салт-дәстүрді сақтай отырып, ұлттық сананы қалыптастыру - ел болашағы.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ