ДИКТОР: Демалыс күні Ақмола облысының екі қаласында және тоғыз ауданында жаппай шаңғы жарысы өтті. Осылайша өңірдің спорт қауымдастығы қысқы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан ұлттық құраманы қолдады. Жарысқа 900-ден астам адам қатысты.
РКС: Шаңғы - ақмолалықтартың ең сүйікті спорт түрінің бірі. Сондықтан олимпиадаға қатысып жатқан жерлестерін қолдау мақсатында көптеген қала тұрғыны жарысқа шықты. Шаңғы жолына тек кәсіби спортшылар ғана емес, әуесқойлар мен спорт ардагерлері де шықты. Олар бірнеше шақырымды бағындырып, төрт жыл сайын өтетін басты жарыстың қатысушыларына жылы лебіздерін жеткізді.
СНХ: ЖАСҰЛАН ҮКЕЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін керемет сезімдемін. Спорттық мереке - Олимпиадаға қатысып жатқан Милан және Кортина қаласындағы спортшыларымызға сәттілік тілейміз. Қолдау үшін ұйымдастырушыларға және спорт басқармасына алғысымызды айтамыз. Алға Қазақстан! Италиядағы спортшыларымызға тек сәттілік тілейміз! Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын қорғап, көк туымыз жілбірей берсін! Медальдарды ала берсін деген тілектеміз!
РКС: Олимпиада қатысушыларын қолдау мақсатындағы шаңғы жарысы тек Көкшетауда ғана емес, сондай-ақ аймақтың тоғыз ауданы мен Степногорск қаласында да өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл қарапайым акция емес, спорттың қысқы түрлерімен айналысуға шақыру. Аймақта тек шаңғы спортымен 10 мыңнан астам адам айналысады.
СНХ: ҚУАНЫШ ҚАРАУЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің қолдауымыз ел намысын қорғауға барған бүкіл ұлттық құрама үшін өте маңызды. Шаңғы – бұл негізгі спорт түрінің бірі. Биатлон, ал соңғы бес жылда шорт-трек өте қарқынды дамып келеді. Қазақстан құрамасында барлығы 6 спортшы бар. Қысқы спорт түрлерінен халықаралық деңгейде жарысатын үш өңірдің қатарындамыз.
РКС: Шаңғы жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Жалпы, Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама сапында алты ақмолалық бар. Олардың үшеуі шаңғы, қалғандары – шорт-тректе сынға түседі.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АСЛАН ӘБУТӘЛІПОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ