ДИКТОР: Ақпанның алтысы Италияда ХХV қысқы Олимпиада ойындары басталды. Қазақстанның Ұлттық құрамасына Ақмола облысынан 6 спортшы енді. Олардың үшеуі шаңғы жарысынан, тағы үшеуі шорт-тректен бақ сынауда.
РКС: Шорт-трек бойынша Қазақстанның намысын Ақмола облысының атынан Денис Никиша, Яна Хан және Ольга Тихонова қорғайды. Денис Никиша — Қазақстандағы ең атақты шорт-трекші. Ол шорт-трек бойынша әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шорт-трек бойынша ұлттық құрамасының капитаны. Спортшылардың жоғары деңгейдегі даярлығы, техникалық шеберлігі мен тұрақты нәтижелері өңір атынан жарыстарда табысты бақ сынауға мүмкіндік береді.
СНХ: АЯН ШӨКЕНОВ, «KOKSHE ARENA» КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Италия мемлекетінде 25-ші қысқы олимпиада басталды. Оған Ақмола өңірінен 6 спортшымыз қатысып жатыр. Шаңғы жарысы кеше басталды. Ертең жеке спринт басталады. Сонда 3 қызымыз сайысқа шығады. Және де шорт-тректен үміт күтеміз. 10-ы, 12-сі, 14-і, 16-сы, 18-і біздің ақмолалық спортшылар жарыстарға шығады. Бәріміз осы Kokshe Arena-да LED-экранда спорт сүйер қауым, спортшыларымыз, спорт мектебінің ұжымы келіп, сол жарыстарды тамашалаймыз.
РКС: Анна Мельник, Ксения Шалыгина және Надежда Степашкина — шаңғы жарысы бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. Олимпиадаға Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығында дайындалды. Олар халықаралық және ұлттық деңгейдегі жарыстарда жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізіп, ел намысын абыроймен қорғап келеді. Олардың кәсіби даярлығы, спорттық шеберлігі мен жүйелі еңбегі шаңғы спортының дамуына елеулі үлес қосуда. Естеріңізге сала кетейік XXV қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 22-сіне дейін Италияның Милан және Кортина-д`Ампеццо шаһарларында өтуде.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ