ДИКТОР: Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде 500-ден астам студент бар. Оның 100-ге жуығы киім дизайны мамандығы бойынша оқып жатыр. Олар тек қана киім тігіп қана қоймай, сонымен қатар сурет салуға да жандары құмар. Осы ретте, әдебиет және өнер музейінде студенттердің туындылары қойылған "Өнерге апарар жол" атты көрме ашылды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Камилла Мұқатаева бала кезден түрлі журналдар оқып, әсем матадан киім тіккенді ұнататын. Сол арманын орындап, бүгінде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжіне киім дизайны мамандығы бойынша білім алуда. Көрмеге ұлттық киіммен безендірілген қуыршақты ұсыныпты.
СНХ: КАМИЛЛА МҰҚАТАЕВА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бұл жұмысым курстық жобам. Оны 1 айдың ішінде жасадым. Бұл кезіндегі қыз ұзату уақытындағы киім. Қызыл түс махаббаттың символы және қыз ұзатуда көбінесе костюм қызыл түсті болады. Мен анализ жасадым. Қандай сәукелелер болды деп ерте кездері. Сондықтан ұзын сәукеле жасадым. Менің ойымша бұрынғы кезде сәукеле ұзын болғандықтан ол қыздың статусын көрсету, қай отбасыдан шықты және отбасының байлығын көрсету үшін. Көптеген күміс тастармен безендірілген. Ол енді көз тимей үшін.
РКС: Студенттер түрлі техника мен материалдарды қолдана отырып, жан-жақты дайындаған туындыларын ұсынды. Ал, болашақ жас мамандарды қолдап, дұрыс бағыт-бағдар көрсету біздің басты міндетіміз, - дейді колледж директоры.
СНХ: САЯН МҰХАМЕДИЯРОВ, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бізде арнайы суретшіге оқытпаймыз. Бірақ, балалар өздері талпынып, құлшынып осындай ниет білдіргеннен кейін 3 жылдан бері біз дәстүрлі түрде осы музейде балалар көрмесін ұйымдастырып жатырмыз. Бұл алғашқы қадамдары. Ертең болашақта үлкен көрмелерде осылай жарқырап, еліміздің мәдениетін, салтын, дәстүрін, өнерін көрсетеді деген тілек білдіргім келеді.
СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Егеменді еліміздің болашағы жастар ғой. Ал, ол жастар талантты, дарынды болса ол екі есе қолдау. Жастарға көптеген жақсы қолдау болып жатыр жан-жақтан. Көкшетаулық, ақмолалық жастарды біз әрқашан қолдаймыз.
РКС: Көрмеге ұсынылған әсем суреттер ақмолалық суретшілердің де көңілінен шықты. Мұндай көрме келер жылы да жалғасын табады деп жоспарланып отыр.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ