ДИКТОР: Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубы өз алаңында астаналық «Номадпен» кездесті. Матч шиеленісті әрі қызықты өтті. Командалар ойынның соңына дейін жеңіске жетуге тырысты.
РКС: Кездесудің басында қонақ команда үстемдік етті. «Номад» құрамасы есеп ашып, қонақтардың қақпасына шайба салды. «Арлан» тез арада басымдық алып, есепті теңестірді. Қорғаушы Александр Гопиенко дәл соққы жасап, гол соқты. Бірінші кезең аяқталуға екі минут қалғанда «арландықтар» қарсыластың қақпасына сәтті шабуыл жасап, алға шықты.
СНХ: ЕРБОЛАТ ИСАЕВ, ЖАНКҮЙЕР: Командалар өте мықты. Біздің хоккейшілер де осал емес. Мықты командалармен ойнағанда, айырмашылық сезіледі. Команда бар күшін салып ойнап жатыр. Астана шынымен бір саты жоғары, онда «Барыстың» негізгі құрамынан ойыншылар бар. Бірақ біздің спортшыларымыз оған қарап жатқан жоқ.
СНХ: АРЛАН ҚАРАШЕВ, ЖАНКҮЙЕР: Алғашқы кезең «Арланның» басымдығымен өтті. Шайба жіберіп алдық, бірақ есепті жылдам теңестірдік. Біздікілер шабуылға шықты. «Номад» өз аймағында қателік жібергені үшін олар жазаланды. Осылайша екінші шайбамызды салдық. Бірінші үзіліске 2:1 есебімен шықтық.
РКС: Екінші кезеңде «Номад» ойынды қарқынды жалғастырды. Астаналықтар алдымен есепті теңестірді, кейін тағы бір гол соқты. Бірақ кейін «Арлан» есепті қайтадан теңестірді.
СНХ: ВЕРОНИКА СУХОМЛИНОВА, ЖАНКҮЙЕР: Ойында ілгерілеу байқалады. Біздің команда уақытында жинала алады. Әрине қателіктерсіз болмайды. Дегенмен спортшыларымызға сенеміз, бар жан-тәнімізбен қолдаймыз.
РКС: Ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ. Сондықтан ойын овертаймға көшті. Қосымша уақытта «Номад» шешуші шайбаны соғып, жеңіске жетті. Кездесу 4:3 есебімен астаналықтардың жеңісімен аяқталды. Көрермендер «Арланның» жеңілгеніне қарамастан, лайықты әрі қызықты ойын көрсетті,-деп тарқасты.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ