ДИКТОР: «Аманат» партиясының облыстық филиалында депутаттық фракцияның отырысы өтті. Басқосуда еліміздің болашағын айқындайтын жаңа Ата Заң жобасы талқыланды. Жиынға қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, олардың қоғам дамуына әсерін саралады.

РКС: Жиын барысында негізгі заңға ұсынылып отырған басты және өзекті өзгерістер қаралды. Білім мен ғылымды дамыту, мәдениет пен инновацияны қолдау - жаңа Конституцияның басты бағыттарының бірі ретінде белгіленген. Сондай-ақ, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесіне де айрықша мән берілген. Ал құқықтық жаңашылдықтардың қатарында Конституцияның 86-шы бабына енгізілген өзгерістерді атап өткен жөн. Мәселен, бұған дейін адвокатура Конституцияда дербес мәртебеге ие болмаса, енді жаңа нормаға сәйкес адвокаттарға конституциялық статус беріліп отыр. Қатысушылар өз кезегінде адвокатураға арналған жеке баптың енгізілуі - қорғау институтының рөлін арттырып, сот төрелігіне деген сенімді нығайтады,- дейді.

СНХ: ГҮЛАЙЫМ ЕСЕНОВА, АДВОКАТТЫҚ КЕҢСЕНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жаңа Конституция мемлекет дамуына, қоғам өміріне . Сол себпті ұсынылып отырған өзгерістер қажеттілік қана емес, бұл - уақыт талабы. Заман өзгеріп келеді, ал ескі Конституцияның кейбір нормалары бүгінгі күннің талабына сай емес. Бұл - біздің ортақ болашағымыз үшін, елдің дамуы мен тұрақтылығы үшін жасалып отырған шешім. Мен бұл реформаға үлкен үміт артамын.

РКС: Жаңа Конституция жобасы ел дамуының бетбұрыс кезеңі ретінде бағаланып отыр. Себебі құжаттың өзегінде адам және оның құқықтары мен мүмкіндіктері белгіленген. Қоғамның басым бөлігі ұсынылған өзгерістерді қолдайды. Ал бұл - еліміздің саяси-құқықтық тұрғыдан кемелденіп келе жатқанын көрсетеді.

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Бүгінгі күні мені қуантатын бір жағдай, біздің халық осы өзгерістерге үлкен өзінің үлесін қосып жатыр деп айтуға болады. Бірнеше өзгерістер сондай өз жағынан көбейіп жатыр. Халықтың 90 пайызы соны қолдап жатыр.

РКС: Фракция депутаттары Ата Заң жобасын бірауыздан қолдап, адам құқығын қорғауға, әділдік қағидаттарын нығайтуға және басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды бастама ретінде бағалап отыр. Мұнда ел болашағына бей-жай қарамайтын әр азаматтың ұсынысы ескеріліп, әр норманың мәні терең сараланады. Ал түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайды.

 ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ