ДИКТОР: Көкшетауда Халықаралық волонтерлер жылы аясында түрлі форматтағы іс-шаралар легі басталып кетті. 10 күнге ұласқан шара аясында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттеріне арнайы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Жастармен тығыз жұмыс істейтін ұйымдар өз қызметтерінің бағыт-бағдарымен таныстырып, волонтер болудың қоғамдағы маңызына тоқталды.

РКС: Кездесу еркін форматта өтті. Шара барысында қазіргі өзекті мәселелер кеңінен қозғалды. Конституцияға енгізілгелі жатқан өзгерістер туралы ақпарат берілді. Жастарға арналған таныстырылымдарда инновацияны дамыту, стартап жобаларды қолдау және цифрлық дағдыларды қалыптастыру бағытындағы жұмыстар талқыланды. Өскелең ұрпақтың сыни ойлау қабілетін дамытудағы дебат қозғалысының роліне ерекше басымдылық берілді. Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен есірткіге тәуелділік мәселелеріне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АЙСҰЛУ МЫРЗАХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Биылғы жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып табылады ғой, жастармен осы бағыт бойынша да оқыту семинарлары өткізіледі. Және жазғы кезде аудандар мен ауылдық жастармен де осындай кездесулер ұйымдастырамыз.

РКС: Мұндай кездесулердің жастар арасында жауапкершілік пен отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ ел болашағына бей-жай қарамайтын, дұрыс таңдау жасай білетін саналы ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етері сөзсіз.

СНХ: ЕРНАР БАҚЫТБЕК, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Конституция заңын түсіндірді. Осылайша біздің жастардың Конституция заңымен танысып, өзі осы Қазақстанның адамы ретінде қатысуға болатынын және өз пікірін айта алатынын, жас болса да, студент болса да соған пікір айтып, қосыла алатынын түсінді. Және менің ойымша бұл өте дұрыс жағдай. Себебі қазіргі жастар ондайға былай да былай қызықпайды. Біз бұл ақпараттарды әрқашан тыңдауға әзірміз. Осылай бізге ақпарат бергеннен кейін, студенттер осылай ойының қорытындысын жасайды.

РКС: Дәрістер Көкшетаудағы барлық колледж бен жоғары оқу орындарында өткізілуде. Қазірдің өзінде 1 мыңнан астам студент қатысты. Алдағы уақытта дәл осында шараны ауылдық округтер мен аудандарда ұйымдастыру жоспарланып отыр.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ