ДИКТОР: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында берген сұхбатында ұлттық спорт түрлерін насихаттаудың маңызы зор екенін атап өтті. Бұл ретте тек спорттық жеңістерге жетуде ғана емес, сонымен қатар ұлттық және мәдени құндылықтарды қалыптастыру маңызды.
РКС: Ұлттық спорт пен ұлттық руханият бір-бірімен тығыз байланысты. Егер ұлттық рух жоғары болса, спорттан да жоғары жетістіктер күтуге болады. Кеңестік жылдары қазақтың ұлттық спорт түрлері ұмыт қалғаны жасырын емес. Ұлттық спортқа өткеннің бөлігі ретінде қарап келіп, мереке күндері ғана өткізілді.
СНХ: АНАС ИСИН, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Облыста қазақ күресінің танымалдығының басты себебі олимпиадалық және олимпиадалық емес болуында. Облыстың барлық дерлік ауылдарындағы мектептерде қазақ күресі кеңінен тараған. Өйткені бұл спорт түріне қымбат құрал-жабдықтар немесе қымбат зал қажет емес. Қазақ күресін насихаттау мақсатында әр ауданда жарыстар өткізіледі. Біз 20 жыл ішінде бұл спорт түрін дамытқанымыз соншалық, облыс чемпионатына кемінде 13-15 аудан қатысады. Сондай-ақ жыл сайын оқушылар арасында спартакиада өткізіледі.
РКС: Облыста ұлттық спорттың қайта өрлеп, дамып келеді. Қазақстандықтар бұл ойындарға қызығушылық танытып, жалпы ұлттық сананың дамуына оң әсерін тигізіп келеді. 2010 жылы Қазақ күресінен әлем чемпионатына 40-тан астам елдің балуандары қатысты. Тоғызқұмалақ зияткерлік ойындар арасында әлемде екінші орында.
СНХ: МАКСИМ ПАЩЕНКО, СПОРТШЫ: Мен жеті жастан бастап қазақ күресімен айналысамын. Бұл спорт түрі өзіме қатты ұнайды. Себебі бұл күресте аяқтың тұрысы маңызды. Қазақ күресі өмірде де, өзіңді қорғауға да керек.
РКС: Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлерінің дамуына ықпал ететін түрлі іс-шаралар өткізілуде. Біздің елімізде олардың саны 20-ға жуық. Ежелгі заманнан бері қазақ халқы демалысқа ерекше көңіл бөліп, мерекелер денені шынықтыратын ойындарсыз өтпейтін.
СНХ: САБИНА ОМАРОВА, СПОРТШЫ: Мен спорт шеберіне үміткермін. Қазақ күресі-қазақтың ұлттық спорт түрі. Ол өз алдына ерекше. Бұл спорт түрімен тек қазақтар ғана емес, түріктер мен өзбектер де айналысады. Күрес белсенді дамып келеді және менің ойымша, бұл спорттың болашағы зор.
РКС: Қазіргі уақытта ұлттық ойындар дербес спорт түріне ауысты. Ерекше мәртебеге ие болды. Олардың кейбіреулері әлемдік деңгейге дейін көтеріліп, тіпті Азия мен Олимпиада ойындарына кіретін спорт түрлеріне жақындай түсті.
МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ