ДИКТОР: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауы жаңа технологияларды дамыту мен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты шешімдерге толы. Әсіресе жасанды интеллектті енгізу, цифрландыру мен әлеуметтік қолдаулар ел азаматтарының қызығушылығын тудыруда.Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы баяндайды.
РКС: Президент Жолдауында білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында жасанды интеллектіні қолдану арқылы тиімділікті арттыру қажет екенін атап өтті. Бұл бастама қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін жаңа белеске көтеруді көздейді. Жасанды интеллект медицина саласында да жаңа мүмкіндіктер ашады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл технология ауруларды ерте анықтап, емдеу сапасын арттырады. Цифрландырудың басты мақсаты — азаматтардың тұрмысын жақсарту. Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуы мен смарт-жүйелер халықтың уақытын үнемдейді.
БЛИЦ-САУАЛНАМА: Бұл Жолдау өзіме, халқымызға жақсы нәрсе әкеледі деп сенемін.Өйткені көп өзгерістер болады деді, халық ештемеден кем болмайды, жүдемейді,бәрі жақсы болады деген тілек айтты сол тілегіміз орындалып, еліміз,жұртымыз аман болсын деп тілейміз.
- Биология пәні мұғалімі бойынша осы жасанды интеллект бағдарламасы мені қызықтырады. Өйткені, біздің бүкіл қойған сұрақтарымызға оғай жауап береді. Біздің білімімізді арттыруға сондай жағынан бізге жасанды интеллект көп пайдасын тигізіп жатыр.Қазір мұғалімдерге де қосымша жасанды интеллект туралы бізге қазір оқытып жатыр.
- Мемлекет басшысының жолдауындағы ең бір маңызды кілт сөз деп айтуға болады, ол жасанды интеллект туралы болды.Негізінен қалай десек те жасанды интеллектінің дәуірі басталды. Бұл уақытында дәл уақытында айтылған сөздердің бірі деп есептеймін.Тағы да бір қуанатын жағдай жасанды интеллектіге қатысты арнайы министрліктің құрылуы.
- Жасанды интеллект алда болуын қалаймыз. Қазір біз бір справка алу үшін больницаға, Цонға барамыз, қаншама уақыт кетіп жатыр, қаншама жол жүріп жатырмыз.Анда барамыз,мында барамыз жасанды интеллект болса барлығымызға жеңіл түсер еді, оңай болар еді. Жаңағы Президентімізді қолдаймыз.
РКС:Президенттің жолдауы — елдің дамуына бағытталған нақты жоспарлар жиынтығы. Цифрлық технологияларды енгізу және әлеуметтік қолдаулар Қазақстанды жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Халықтың пікіріне сүйенсек, жаңа бастамалар елдің болашағына деген сенімді арттырды. Ал жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу – Қазақстанды озық технологиялы мемлекетке айналдырудың басты қадамы болмақ.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ,БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК КӨКШЕ АҚПАРАТ