ДИКТОР: Астрахан ауданына қарасты Первомайка ауылында инфрақұрылымды жақсартуға байланысты ауқымды жұмыстар жалғасуда. Негізгі жобасының бірі – су құбыры желілерінің құрылысы аяқталуға жақын. Жуыр арада ауылдың 1 мыңнан астам тұрғыны таза ауыз суға жариды.
РКС: Первомайка ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы елдімекендердегі инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жоба аясында жүзеге асырылуда. Бүгінге дейін ауылішілік желілер тартылып, сорғы станциясының ғимараты салынды. Маңайы қоршалып, негізгі су құбырының құрылысы аяқатлды.
СНХ: НИКОЛАЙ ВОЛОШИН – ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Камышенкадан Первомайкаға дейін суағар толық дайын. Елімекен бойынша су құбыры да дайын тұр. Қазір адамдар абаттандыру жұмысымен айналысып жатыр. Алаңда 2 резервуар құйылған, жабуға дайын тұр. Сорғы да дайын. Сорғыдан құдыққа дейінгі желілер де дайын. Жалпы алғанда жұмыстың 75 проценті аяқталды.
РКС: Су құбыры жүйесі іске қосылса ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы біршама жақсарады. Ең алдымен санитарлық жағдайға, халықтың денсаулығына оң әсер етеді. Сонымен қатар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына да зор ықпалы бар. Жұмыс жергілікті атқарушы биліктің бақылауында. Нысан жуық арада іске қосылады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ