ДИКТОР: Облыста Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға қатысты атқарылатын шаралар талқыланды. Аймақ басшысы Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте құжатта көрсетілген маңызды бағыттар қаралды. Сондай-ақ Ақмола өңірінің болашағы мен тапсырмаларды орындаудың барысы айқындалды. Кеңес отырысына аудан әкімдері, басқармалар мен ведомстволардың басшылары мен қоғам өкілдері қатысты.
РКС: Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жаңа деңгейге көтеру міндетін қойды. Саланы мемлекеттік қолдау көлемі жыл сайын ұлғаюда. Биыл еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 1 триллион теңге бөлінді. Оның төрттен бір бөлігі Ақмола облысының аргарлық секторын қолдауға бағытталған. Айта кетейік, былтыр Ақмола өңірі 6,5 миллион тонна астық жинап алды. Биыл рекордты жаңғыртып, 7 миллион тонна алдын дән жинауды межелеп отыр.
СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мемлекет басшысының Қазақстанды 10 жыл ішінде астықты терең өңдейтін өнімдердің әлемдік өндірушілері мен жеткізушілерінің ондығына енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында өңірде маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі — Қытайдың «Далиан» компаниясымен бірлесіп астықты терең өңдейтін ірі зауыт салу жобасы. Бірінші кезеңдегі инвестиция көлемі 650 млн АҚШ доллары. Жалпы жоба құны шамамен 1,8 млрд АҚШ долларын құрайды.
РКС: Мемлекет басшысы салынған әр теңге өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін жаңа инвестициялық кезеңді бастауы тиіс,-деп атап өтті. Облыс әкімі өңірді дамыту үшін инвестиция тартуды екпіндетіп, бюджет қаражатына тәуелділікті төмендету міндетін қойып отыр. Жыл басынан бері аймақ экономикасына 456 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Биыл жалпы сомасы 250 миллиард теңгенің 226 жобасы жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 2,5 мың жұмыс орны құрылады.
СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Aqmola Invest» орталығы арқылы 2,5 триллион теңгенің 39 жобасы жүзеге асырылуда. Инвесторлардың арасында халықаралық және отандық компаниялар бар. Dalian Hesheng Group, түріктің YDA Group компаниясы, «Terracottas» серіктестігі, сондай-ақ Hopefull Grain & Oil Group қытай компаниясының, Meihua Holdings Group, «Aitas Agro Breeders» серіктестігінің қатысуымен стратегиялық жобалар.
РКС: Президент «инвестицияға тапсырыс» әр аймақтың ерекшелігі мен бәсекелестік артықшылығы ескеріле отырып жасақталуы қажет екенін атап өтті. Марат Ахметжанов аудан әкімдері мен жауапты мемлекеттік органдарға қыркүйектің 20-сына дейін аумақтың әлеуетін саралап, тиісті инвестициялық бағдарлама дайындауды тапсырды. Енді аудан басшыларының тиімділігі инвестициялық белсенділіктің индексі арқылы бағаланады. Ол жобаларды жүзеге асыру, бизнесті дамыту мен жұмыс орындарын құруға қатысты қорытындыларына байланысты болады, -деді облыс әкімі.
ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ