ДИКТОР: Биылдан бастап көлігімен нәпақа тауып жүрген жүргізушілер жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Заңды жоба аясында мобильді қосымшалармен жұмыс істейтін такси жүргізушілері тасымалдаушы компаниялармен еңбек шартын жасауға міндетті. Оған келіспесе, жеке кәсіпкер ретінде әкімдікке өтініш қалдыра алады.
РКС: Жүргізушілер жеке кәсіпкер ретінде «Е-салық азамат», «Еgov» мобильді қосымшалары арқылы онлайн тіркеле алады. Ал, салық мөлшерлемесі табыстың 1% құрайды. Өткен жылы облыста 1000-ға жуық такси жүргізушісі жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.
СНХ: ШЫНАР МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бізде такси жүргізушілері үшін платформалық жұмыспен қамту жоспарлануда. Мысалы, егер такси Яндекс платформасында тіркелген болса, онда платформаның өзі осы такси жүргізушісі үшін барлық салықтарды төлейді, ол үшін салық есебін ұсынады және салық мөлшерлемесі 4% құрайды. Оның 1% салық және 3% әлеуметтік төлемдер. Бұл, әзірге, Алматы мен Астанада жұмыс істейді, бірақ жақын арада еліміздің барлық қалалары бойынша іске қосылады. Егер жүргізушілер тіркелмеген болса, онда салық органдарынан тексерістер жүргізіледі. Себебі, Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес, жеке тұлғаның табысы 12 төменгі жалақыдан асатын болса, ол жеке кәсіптер ретінде тіркелуі тиіс. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексте заңсыз кәсіпкерлік үшін жаза қарастырылған.
РКС: Таксистердің көбі жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенмен, қыс мезгілінде салық төлеуге қарсы. Себебі, ауа райының қолайсыздығы күнде жолға шығуға мүмкіндік бермейді.
СНХ: САПАР ОРЫНБЕКОВ, ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІ: Астана-Көкшетау маршрутында жұмыс істеймін, жол ақысын қолма-қол аламыз. Перевод та бар. Налог төлеуге мен қарсымын, налог төлеу қазір қиын осындай заманда. Басқа біреуге жеңіл шығар , но бізге өте қиын. Тем более біз қыс айында екі үш күнде бір барып келеміз. Оның налогын тыстаса, оныда төлеу керек, парковкада төлейміз, жол ақысы бар. Терминалдан төлейміз. Біздің өзімізге ештене қалмайды. Налог төлеу дегенді мен түсінбеймін. Жазды күні болса мен төлеуге келісемін. Қысты күні өте қиын. Мен 6 күн тұрып, міне 7 күні Астанаға шыққалы тұрмын. Машина өте көп. Барлығы бала-шағасын асырау керек. Менде оны төлеуге мүмкіндік жоқ. Менде ИП бар, бұрын автобусқа жұмыс істегенмін. Жасым 60-қа келген соң осында жұмыс істеп жатырмын. Ал жазды күні күнде келіп кетіп жүресің, онда төлеуге болады. Ал қазір төлей алмаймыз.
РКС: Бұл жаңашылдық туралы жүргізушілердің пікірі сан алуан. Кейбіреулері мүлдем қарсы. Ал, енді біреулері адам тасымалдап нәпақа тауып отырғандықтан, жеке кәсіпкерлік рәсімдеу дұрыс дейді. Өйткені, бұл олардың жалғыз табыс көзі.
СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ