ДИКТОР: Мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті шектейтін ке¬дер¬гілерді жоюға күш салып келді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасары даусыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бизнесті негізсіз және шектен тыс бақылауға, қылмыстық қудалауға жол беруге болмайды. Еске сала кетейік, 2019 жылы үш жылға ша-ғын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микро кәсіпкерлік субъек¬тілерін тексеруді және про¬филактикалық бақылау жүргізуге мораторий жария¬лан¬ған болатын. Өткен жылдың соңында бұл шара тағы бір жылға ұзартылды. 1-ші қаңтарындан бастап ол шектеулер алынып тасталды.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Өткен жылдардағы оң нәтижелерге сүйене отырып, мен шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийді тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа қол қойылды. Бұл жақсы бастама. Біз кәсіпкерлерді қорғаудың жүйелі тетіктерін енгізуді жалғастыратынымыз сөзсіз.
РКС: Мораторийдің аяқталуына байланысты бизнесті жаппай тексеру басталып кетеді деуге еш негіз жоқ екенін айтып отыр Үкімет. 1 қаңтардан бастап мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларындағы тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі жұмыс істейді. Бұл тәсіл мамандардың тікелей қатысуынсыз тексеруге тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдарының назары тек проблемалық субъектілерге аударылады. Нәтижесінде кәсіпкерлікті жоспарлы тексерулер 2 есеге қысқармақ.
СНХ: ШЫНАР МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Салық заңнамасында тәуекелдерді басқару жүйесі бар. Бұл салық төлеушілер критерийлер бойынша таңдалатын жүйе. Олар жоғары, орташа және төмен тәуекелге бөлінеді. Салық міндеттемелерін адал орындайтын кәсіпкерлер тәуекелі төмен санатқа жатқызылады және салық органдарының да оларға қатысты сұрақтары жоқ. Тәуекелдің орташа деңгейі – бұзушылықтарды жою туралы хабарлама алатындар, ал бұзушылықтар жойылған кезде олар да төмен тәуекелге ауысады. Тәуекелдің жоғары дәрежесі немесе қызыл аймақ – мұндай кәсіпкерлер әдетте салық органдары тарапынан тексеруге жатады. Олар салықты уақытында төлемейді, сенімсіз кәсіпкерлер, сондықтан тәуекел аймағында тұрады.
РКС: Мемлекеттік кірістер департаменті облыс әкімдігімен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жұмыс істеуде.
СНХ: ВАЛЕНТИНА ГЕРАЩЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Биыл кәсіпкерлерді тексеру басталады. Оған іліккен, ілікпегенін Қаржы министрлігінің сайтынан көруге болады. Тізім шықты. Тексеріске ірі және орта кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар шағын және кіші бизнес субьектілері де кірген. Олар тәуекелдің жоғары санатына енуі мүмкін, сондықтан тексеру тізімдемесіне кіргізілген. Бақылау және қадағалау саласына жататын барлық мемлекеттік органдардың тексеру парақтары осы мекемелердің веб-сайттарында жарияланған. Кез келген уақытта тексерудің талаптарымен танысуға болады. Тексеру нормалары Кәсіпкерлік туралы кодекспен реттелген.
РКС: Мемлекеттік органдардың алдында бақылауды цифрландыру міндеті тұр. «Байланыссыз тексерулер» тікелей өзара іс-қимылды, сәйкесінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға ықпал етпек. Ал заң мен ары алдында таза кәсіпкердің алаңдауына еш негіз жоқ.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ