ДИКТОР: Өткен ғасырдың отызыншы жылдары қазақ елі үшін өте ауыр кезеңдердің бірі болатын. Мыңдаған отбасы зардап шегіп, әйелдер жесір, балалар тірі жетім атанды. Репрессия жылдары қазақ даласынан 105 мыңға жуық адам халық жауы атанып, 22 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Ал қалғандары Сібірге айдалды, туған туыстары да қамалып, қудаланды.

РКС: Сталиннің тырнағына ғалымдар, жазушылар, ақындар, мәдениет және өнер қызметкерлері, ағартушылар және тағы басқа көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар ілікті. Сталиндік қанды жүйе интеллигенцияны толық құрамда жоюды көздеді.

СНХ: АРМАН ӘБІЛҚАДЫРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Жалпы, Ақмола өңірінде 5400 адам істі болып, соның 1600і ату жазасына кесілген екен. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының есебі бойынша Ақмола өңіріне сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған 83 мың адам жер аударылған. Барлық қазақ еліндегі секілді біздік Ақмола өңірінде де еңбекпен түзеу лагерлері орналасты. Мысалға, Зеренді ауданында 4 еңбекпен түзеу лагері болған. Оның ішіндегі ірісі Пришим селосында орналасқан нөмірі 14ші еңбекпен түзеу лагері. Бұл жерде 7 мыңға дейін адам отырған екен. Және Үлгілі селосы маңындағы нөмірі жеке лагерь пункті болса, Баратай селосының маңындағы нөмірі үшінші жеке лагерь пункті болады. 400-ден 700 ге дейін адам отырған және де Семфитрополь селосының маңында орналасқан, Озерное селосында орналасқан еңбекпен түзеу лагерлері болған. Жалпы, сталиндік қуғын-сүргін біздің қазақ ұлттық бірегейлігіні орасан зор нұқсан келтірді. Ең қиыны ұлттың оқыған, зиялы азаматтарын жойып жіберді. Және де мұндай жеке басқа табынған жүйе енді қайтара болмау керек. Әр ұлттың, әр адамның өзіндік еркін ойлауы , олардың саяси көз-қарасы үшін оларды қудалау дұрыс емес. Жалпы, азаматтық құндылықтар құрметтелуі тиіс деп ойлаймыз.

РКС: Тарихымыздың жоғын түгендеп, қоламтасын қайта қоздату – мемлекеттің назарында тұрған мәселе десек артық айтпағанымыз. Сондықтан да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» қаулыға қол қойған. Құжат Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 2020 жылы жарияланған болатын. Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімін ұлықтау мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда.

СНХ: ВЕРОНИКА АНТИПОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСОВОДЫ: Біздің музейде ашылған мына қосымша зал толық саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған. Бұл зал 2021 жылдың 31-мамыры ашылды. Зал тек жаз мезгілінде жұмыс істейді. Әр жыл сайын 31-мамыр біз осы залдың есігін ашамыз. Кез келген ниет білдіруші біздің мұражайға келіп, тарих беттерін парақтап, өткен күндер туралы ақпарат ала алады. Бұл жерде құжаттардың көшірмелері, саяси қуғынға ұшырағандардың жеке заттары, сол оқиғаға қатысы бар әр адамның тарихы сақталған.

РКС: Өткенін ұмытпай, ұлықтаған ұлт болашағына сеніммен қарай алады. Сондықтан, бүгінгі ұрпақ Алаш зиялыларын ешқашан естен шығармауы тиіс.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ