ДИКТОР: Жуырда Алматы қаласында киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионаты өтті. Оған 33 мемлекеттен 700 спортшы қатысты. Ақмолалық каратэшілер 3 алтын, 4 күміс пен 7 қола медаль еншілеп, жоғары нәтиже көрсетті.
РКС: Дүбірлі додада облыс намысын Шортанды, Ақкөл аудандары мен Көкшетау қаласының спортшылары қорғады. Чемпиондарды жақындары салтанатты әрі мерекелі атмосферада теміржол вокзалында қарсы алды.
ИНТЕРШУМ
РКС: Халықаралық сайыстың жүлдегері Нарқыз Ұзақбаева. Бұрымды 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орын алып, әлем чемпионы атанды.
СНХ:НАРҚЫЗ ҰЗАҚБАЕВА, КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Бұл чемпионатқа дайындықты жазда бастадық. Щучинск қаласында жиындардан өттік. Кейін, қыркүйектен чемпионаттың өзіне дейін, екі ай Алматыда жаттығудан өттік. Күн-түн демей дайындалдық. Жалпы, бұл менің әлемдік деңгейдегі алғашқы медалім. Бұл нәтижеге жету үшін бізар тер төктім.
СНХ: САНСЫЗБАЙ БАҚЫБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Нарқыз Ұзақбаеваның мен нағашы атасы боламын. Нарқыз кішкентай 8 айлығынан бастап 5-ші сыныпқа дейін менің қолымда, менде тәрбиеленді, ауылда. 5-ші сыныптан кейін қалаға, ата-анасына барып, каратэ мектебіне кіріп, жаттықты. Беріліп жаттығым, жоғары нәтижелер көрсетіп, қыруар грамоталары, кубогтары, алғыс хаттары жинаулы. Оның бәрі менің үйіме апарып, бір бөлмені музей сияқты қылды.
РКС: Алан Әскербай каратэмен 6 жасынан айналысады. Жас чемпионның бұл спортқа деген қызығушылығы достарының арқасында пайда болған.
СНХ:АЛАН ӘСКЕРБАЙ, КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Менің алғашқы әлем чемпионатым. Бұған дейін Азия мен Қазақстан чемпионаттарына қатысқанмын. Бұл менің ең маңызды жүлдем деп айта аламын. Себебі, ұзақ дайындалдым.
РКС: Спортшылар үшін отбасының қолдауы маңызды. Айта кету керек, ерлер құрамасы дүбірлі додада жалпыкомандалық есепте 1-ші орынға ие болды.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ