ДИКТОР: 2015 жылдың 31 қазанында «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Заң қабылданды. Бұл құжат келісім-шарттық мәмілелердің кең ауқымын қамтиды және бірқатар міндетті принциптерге ие. Ақмола облысының аумағында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қалай жүзеге асырылып жатыр? Тілші баяндасын.
РКС: «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік» - бұл мемлекеттік органдар мен салалардағы кәсіпкерлердің өзара тиімді ынтымақтастығы. Бұл қатысушылық дәстүрлі түрде келісім-шарттармен айқындалатын тәуекелдерді, пайдалар мен шығындарды, құқықтар мен міндеттерді теңестіру шарттарында мемлекеттің жауапкершілігіне түседі.
СНХ: АНАР НҰРМАҒАМБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бүгінгі таңда облысымыз үшін маңызды жобалар бар. Басқа өңірлер бізден үлгі алып жатыр десем артық емес. Ол жобаның бірі-электронды билетті енгізу. Қоғамдық көлікті пайдаланатындардың көпшілігі «Сейнұр» серіктестігінің автобустарын жаңартқанын бірден аңарды. Оның бәрі мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің аясында қол жеткізілген жетістіктер. Бұл нысандар бойынша автобус құнының 30 проценті көлемінде қоса қаржыландыруды қамтамасыз етіп, билетті сатуды енгіздік.
РКС: Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің негізгі қағидаттары халыққа белгілі бір әлеуметтік-экономикалық нәтиже беруі тиіс. Мысалы, жаңа жұмыс орындарын ашу, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыру және тағы басқа өзекті мәселелерді шешу.
СНХ: ӘСИЯ ШӘРІМОВА, «КӨКШЕТАУ АВТОБУС ПАРКІ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Электронды билет арқылы қанша адам мінетінін зерттейміз. Оларды анықтау үшін арнайы операторлар бар. Операторлар бізге қанша ақша жұмсағанымыз, қанша пайда тапқанымыз туралы күнделікті ақпарат береді. Сосын олар бізбен есеп айырысады. Шығындарымызды есептейміз: жалақы, лизингтік несие, салықтар, жанар-жағармай, дизель отынына айына 30 миллионнан астам қаржы жұмсаймыз. Осының барлығын есептегенде біз маршруттың құнын есептейміз.Қалалық бюджет оның орнын толтырып беруі шарт. Ал біз өз тарапымыздан оны құжат түрінде дәлелдеуіміз керек. Істеген жұмысымыздың ай сайынғы есебін береміз.
РКС: Бүгінгі таңда облыста мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 11,8 млрд теңгені құрайтын 71 жоба жүзеге асырылуда. Айта кетейік, осы жоба шеңберінде жылжымалы 30 жедел жәрдем станциясы да жаңартылды. Ол толығымен қажетті құрылғылармен жарақтандырылған.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ