ДИКТОР: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың 41-бабына сәйкес Көкшетаудағы сауда үйлеріндегі азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізілді. Нәтижесінде өнімдерде бактерия табылған жоқ. Алайда, таңбалау бойынша талаптар бұзылғаны анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтылды. Бұдан бөлек тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР-ның заңындағы жаңашылдық жайлы да баяндалды.
РКС: Жыл сайын тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне түсетін арыз-шағымдардың саны артып келеді. Статистикаға сүйенсек 2020 жылы 54 шағым болса, биыл арызданушылардың саны 650-ден асып кеткен. Шағымдардың дені бөлшек саудаға қатысты.
СНХ: ЕРЛАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Жыл басынан бері жосықсыз бизнес субъектілеріне екі млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Тұтынушылардың пайдасына 52 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді. Заң жобасында ұсынылған түзетулер бизнестің жауапкершілігін арттыруға және халықтың тұтыну құқығын қорғауға бағытталған.
РКС: Қазіргі уақытта ҚР-да тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың төрт сатылы жүйесі жұмыс істейді. Заңның нормаларына сәйкес құқығы бұзылған азамат алдымен кәсіпкерге тікелей барып шағымдана алады. Онысынан ештеңе шықпаған жағдайда ғана тұтынушы сотқа жүгінуі тиіс. Заңнамаға енгізілген түзетулер жайлы айтатын болсақ, жаңашылдықтар азаматтар мен бизнестің мүдделерін ескере отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың кешенді және тиімді жүйесін құруға бағытталған.
СНХ: СНХ: ЕРЛАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Негізгі инновациялар тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша омбудсмен институтын енгізуге және тұтынушылардың шағымдарын қараудың екі сатылы рәсіміне көшуге қатысты. Кәсіпкерлік субъектілерін тұтынушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға ынталандыру үшін азаматтық құқықтық жауапкершілік енгізілді. Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіру күшейтіледі.
РКС: Жыл басынан бері облыстық техникалық реттеу және бақылау комитеті департаменті 200-ден астам тексеру жүргізді. Оның 235-нде бұзушылық анықталған. Оның қорытындысы бойынша 21 млн. теңге айыппұл салынып, 18 млн. теңгеден астамы өндіріп алынған.
СНХ: НҰРБЕК ХАБИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижсінде бұзушыықтардың дені "өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы"заңын сақтамауға қатысты. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 29 қаулы шығарылды. Сонымен қатар, департамент жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 12 арыз-шағымды қарап, бәріне толық жауап берді.
РКС: Айта кетейік, егер тұтынушылардың құқықтары бұзылып, сотқа дейінгі тәртіппен шешілмесе кәсіпкерлерге айыппұл салынады. Оның мөлшері-тұтынушының талап қою сомасының 10-нан 50 процентіне дейін. Арыздың сомасы неғұрлым аз болса, айыппұл мөлшері соғұрлым көп. Сондай-ақ, сауда және интеграция министрлігі "Сапалы өнім" қоғамдық тұжырымдамасын іске қосуды жоспарлап отыр. Заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттарының, оның ішінде осы салада омбудсмен енгізу арқылы рөлін арттыру ұсынылады.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ