ДИКТОР: Елімізде рұқсат етілмеген қоқыс полигондары көбі Ақмола және Қарағанды облыстарында анықталған. Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министр Ерлан Нысанбаев өңірлердегі заңсыз қоқыс үйінділерін жоюды тапсырды. Экология департаменті әкімдікпен, полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізді.
РКС: Бұл Жібек жолы ауылындағы қоқыс полигонының қазіргі кейпі. Құрылыс қалдықтарынан бастап тұрмыстық заттарға дейін үйіліп жатыр. Аудандық әкімдік тіпті бейнебақылау камераларын орнатқан. Бірақ тұрғындар рұқсат етілмеген полигонға қоқыс қалдықтарын әкелуді тоқтатпай отыр.
СНХ: ИВАН РАТУШНЯК, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 2019 жылдын бері бұл жерде қоқыс үйіндісі жинала береді. Сол жылы ауыл әкімдігіне 3 гектар жер берілді. Тұрмыстық қалдықтарды полигонға апарып, төге салмай, оны екінші қайтара пайдаға асыру үшін кешен ашу жоспарланған. 9 гектар жер берілді. бірақ кейіннен тұрғындар бұл кешеннен бас тартты. Сот шешімімен бұл жердегі полигон жойылды. Ал қазір осындай үйінділер пайда болды. Соңғы кезде бұл жердегі тұрмыстық қалдықтар мәселесіне қатысты тұрғындар тарапынан шағымдар көбейген. Бұл жағдайдың бәрі экологияға кері әсерін тигізеді.
РКС: Экология және табиғи ресурстар министрі рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына басты себеп коммуналдық және құрылыс қалдықтарын дұрыс пайдаланбау деп атап өтті. Оған қоса әкімдіктер де жұмысты тиісті деңгейде атқармай отыр.
СНХ: БОЛАТБЕК БАЙСАҒАНОВ, АРНАСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Біз үнемі ауылдағы қоқыстарды тазалаумен айналысамыз. Әкімдік бізге ақша бөледі. Бірақ ол қаражат жеткіліксіз. Көбіне бізге демеушілер мен шаруа қожалықтары көмектеседі. Стихиялық полигондар пайда болмау үшін әр тұрғын өзінен бастау керек деп есептеймін.
РКС: Мамандардың айтуынша, соңғы кездері тұрмыстық қалдықтар мәселесіне қатысты шағымдар көбейген. Тұрғындарды қоқыстың бейберекет шашылып жатқаны алаңдатады.
СНХ: САЯШ ЕСЛЯМОВ, АРНАСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Қоқыс әлі де бар. Біз кейде сенбіліктер өткізіп, оны тазалауға тырысамыз. Балаларымыздың ойнайтын жері де жоқ. Егер қаржы жеткілікті болса, бізде техника көп болар еді.
РКС: Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоқыспен жұмыс істеу мәдениеті балабақшадан бастап университетке дейінгі барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларына енгізілуі керек деп санайды. Елімізде қоқысты кәдеге жаратып, өңдеуге ынталы кәсіпкерлер де көбірек болуы маңызды.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ