ДИКТОР: Оның тағдыры тұтас ғасырдың жылнамасы іспетті. Александра Шихалева – тыл еңбеккері. Жеңісті жақындатуға тылда алдыңғы шепте болған жан. Қазір жасы 101-де. «Көкшетау Энерго» серіктестігінің басшылығы ғасырдан асқан тыл ардагерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтауға үйіне арнайы барды. Александра Шихалёва 1925 жылы ақпанның 13-інде Сібірде дүниеге келген. Қазір жасы 101-де. «Көкшетау Энерго» кәсіпорнының басшылығы ардагерге жүрекжарды тілегін білдіріп, ақшалай сертификат пен сыйлыққа толы себет табыстады. Бейбіт заманда Александра Егоровна энергетика саласында 15 жылға жуық еңбек еткен. Соғыстың сұрапыл күндері туралы айтуға жүрегі дауаламады, «жылап жіберемін» деп, сол бір ауыр кезеңді жүрек түкпірінде ғана сақтап қалуды жөн көретінін айтты.
СНХ: АЛЕКСАНДР ШИХАЛЕВ, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІНІҢ ҰЛЫ: Ол бес баланың тұңғышы болғандықтан, үйдегі барлық тәрбие мен бала бағу соның мойнына жүктелді. Соғыс жылдары олар желім, сарбаздарға арналған азық-түлік пен киім өндіргенін білемін. Кейін тың игеру науқаны басталғанда, 1954 жылы осы өңірге келіп, осында тұрақтап, еңбек жолын жалғастырған.