ДИКТОР: Биыл Кеңес Одағының батыры, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл. Кеше «Мәңгілік тұлғалар» атты I республикалық тұлғалық музейлер фестивалі өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен музейлер келіп, көрме ұсынды. Түстен кейін батыр музейіне экскурсия жасалды. Аталған шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов та арнайы барды.

РКС: Мәлiк Ғабдуллин мұражайы батырдың 80 жылдығына орай 2005 жылдың 19 тамызында ашылды. Музей Мәлік Ғабдуллиннiң тұлғасы арқылы өскелең ұрпаққа Отанды қорғаудың жауапкершiлiгiн ұқтырып, патриотизмдi қалыптастыруда зор үлес қосып келеді. Облыс әкімі Марат Ахметжанов музейге арнайы келіп, қонақтарға ұйымдастырылған экскурсияға қатысты.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл тек қана Көкше елінің мақтанышы емес, бұл қазағымыздың, қазақ елінің мақтанышы. Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, бәрі осы жерде әр қазақтың мақтанышы. Неге осы тұлға болып, неге осындай мұражай жасап отырмыз? Елім, Отаным, халқым айтқан адамның әрбір сөзін қарасаңыздар, Жамбыл бабамыздан бастап, Ыбырай Алтынсарин елім, қазағым, халқым деп кеткен. Елін сыйлаған ер азаматтың аты өшпес деген осы. Сіздердің өте жауапты жұмыстарыңыз. Өскелең ұрпаққа осыны тағзым қылып, дұрыс түсіндіріп, дұрыс айтып, оның біреуінде жүрегінде қалса, ол өте тамаша.

РКС: Мәлiк Ғабдуллин майдангер ғана емес, профессор, академик шыңына көтерiлген, майдан шежiресiн жазып, тарихта қалдырған жазушы. Адамгершiлiк пен азаматтықтың үлгiсiн көрсеткен қазақ халқының ұлы өкілі.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ