ДИКТОР: Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын су басу қаупі басым. Биыл да қауіп төніп, су тасқынының салдарын жоюға және апатты-құтқару жұмыстарына Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары жіберілді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бірінші, екінші және үшінші курс курсанттары Солтүстік Қазақстан облысының Большая Малышка, Долматово және Тепличное ауылдарында үш учаскеде жұмыс істеді. Курсанттар қорғаныс бөгеттерін нығайтып, құм мен инертті материалдар салынған қаптарды дайындады.
СНХ: ҚУАНЫШБЕК КӘРМЕНОВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің курсанттарымыз бен офицерлеріміз.Солтүстік Қазақстан облысында, Петропавл қаласында су тасқынынан құтқару жұмыстарын жүргізген. Көптеген адамдарға көмек көрсетіп, өз міндеттерін атқарды, Жүзден астам академияның қызметкерлері мен курсанттар қатысқан. Барлық алдына қойылған мақсаттар орындалды, министрдің тапсырмалары.
РКС: Ауа райының қиындығына қарамастан жұмыс күшейтілген режимде жүргізілді. Курсанттардың іс-әрекетінің арқасында су тасқынын ауыздықтап, төтенше жағдайдың салдарын барынша азайтуға мүмкіндік туды.
СНХ: ОЛЖАС МЕРҒАЗИЗ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Ауа райының қиындығы жұмысымызға кедергі келтірді. Сағат 12-лер шамасында кетіп, оқиға орнына сағат 4-те ғана жеттік. Төтенше жағдайды бізге сеніп, өзімізді көрсетуге, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берген министрлікке алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, академиямыздың басшылығына және осы жұмысқа атсалысқан барлық курсанттарға рахмет дегім келеді.
РКС: Табиғи апаттарда шапшаңдық, ұжымдық жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы өте маңызды. Академия курсанттары бұл тапсырманы жақсы орындай алды,- дейді оқу орынның басшылығы.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ