ДИКТОР: Красный Ярдағы көпсалалы инновациялық колледжінде жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті. Шараға колледж студенттерінен бөлек елдімекендегі №1 мектептің оқушылары мен мәслихат депутаттары да қатысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Еңбек маусымының салтанатты ашылуында облыстық мәслихаттың депутаттары мен ауыл шаруашылығы саласына қатысы бар өзге де құрылымдардың басшылары студенттерге жылы лебіздерін арнады. Көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарына үлес қосатын студенттерге науқанның қаншалықты маңызды екенін жеткізді.
СНХ: СЕРГЕЙ ШВЕЦОВ, «АГРОСТРОЙ» ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз тауар өндірушілер ретінде көпсалалы колледжбен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Студенттерді практикаға тартамыз, кейін олардың көпшілігі шаруашылықта, кәсіпорында ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру мамандығы бойынша жұмыс істейді. Дәнекерлеуші, механизатор болып жұмысқа орналасады. Жыл сайын шамамен 10-15 студент қабылдаймыз. Жылына 2 рет практикадан өтеді.
РКС: Облыс аумағында 29 колледж бар. Оның 11-і агротехникалық бағытта білім береді. Мұнда 6 мыңға жуық студент жұмысшы біліктілігін алу үшін оқып жатыр. Колледж түлектері дуальды оқыту бойынша облыстың түрлі ауыл шаруашылықтарында еңбек жолын бастайды. Шара колледждің ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесімен жалғасты. Мұнда студенттер техникамен жұмыс істеу тәжірибесі туралы өй бөлісті.
СНХ: НҰРБОЛ КӘКІМ, КРАСНЫЙ ЯР КӨПСАЛАЛЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Осы колледжге түскеннен бері теориялық және практикалық тұрғыда көп зат үйрендім. МТЗ тракторларын айдап үйрендік. Комбайндармен егін жинап және тракторлармен жер аударып біраз өзіме керек тәжірибе алдым. Екінші курстан бастап «Асыл Арман» серіктестігінде жұмыс істеп, практика өтіп, өзімнің қаржылай жағдайымды жақсартып, болашақта керек жұмыс орнын таптым деп ойлаймын.
РКС: Көрмеден соң облыстық мәслихаттың депутаттары «Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде өңірді дамытудағы техникалық және кәсіптік білім берудің ролі» тақырыбын жан-жақты талқылады. Сондай-ақ колледж түлектерін жұмыспен қамту мәселесі де қозғалды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ