ДИКТОР: Жыл басынан бері 400-ге жуық ақмолалықты ит қапқан. Үй жануарларын зарасыздандырып, чиптеп және вакцина ексе де осындай жағдай орын алып отыр. Былтыр облыс бойынша 2,5 мыңнан астам иесіз үй жануары зарарсыздандырылып, екпе егілді. Десе де қаңғыбас иеттердің мәселесі қоғамды алаңдатып отыр. Ақмола облысының аумағында оларды уақытша ұстайтын бірде бір мемлекеттік алаң немесе қабылдайтын орын жоқ.
РКС: Соңғы уақытта тұрғын үй, балалардың ойын алаңдары мен мектепке жақын аумақтарда қаңғыбас иттердің қаптап кеткені туралы шағым көп түседі,-дейді мамандар. Азаматтардың қауіпсіздігі ғана емес, сонымен бірге жануарлар құқығын қорғау мәселесі де маңызды. Ветеринария басқармасы бұл жұмысты қатал әдіспен емес, ізгілік тәсілмен, заңнама аясында жүргізуде.
СНХ: ТАЛҒАТ ЖҮНІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Соған байланысты, біздің 6 ауданда жер тілімдері бөлінген болатын. Ол Зеренді, Жақсы, Целиноград, Шортанды, Степногорск және Көкшетау қалаларында. Енді қазіргі уақытта Астана қаласының агломерациясы жоспары бойынша Қоянды елдімекеннің үстінде 5 мың гектар жер бөлінді. Қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған панажай салу жөнінде.
РКС: Мәселені шешу үшін облыстық бюджеттен жыл сайын 100 миллион теңге бөлінеді. Ол қаржы мақсатты 4 бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталуда. Қаңғыбас иттерді аулау, чиптеу, зарарсыздандыру және вакцинациялауға, сондай-ақ арнайы белгіленген жерде ұстауға да осы қаржы жұмсалады. Биыл бұл жұмыстарды мердігерлік 7 компания атқаруда.
СНХ: ТАЛҒАТ ЖҮНІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бағдарламаны жүзеге асыруға қатысатын барлық мердігерлік ұйым конкуртық негізде іріктеледі. Жеткізуші анықталған сәттен-ақ біздің мамандар аудандарға шығып, барлық құжатын, журналдарды, өзге де қажетті жабдықтарды түбегейлі тексереді. Видео-фото түсірілім жасалады.
РКС: Бұл да жеткіліксіз. Мамандар мәселені тұрғындардың өздерімен бірлесіп шешуге болатынын алға тартуда. Адамдар үй жануарларына қатысты жауапкершілікті күшейтпейінше, көшедегі қауіптің сейілмесі анық.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ