ДИКТОР: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ерейментау ауданына жұмыс сапары аясында бірқатар кәсіпорынның жұмысымен танысты. Мал шаруашылығы мен тау-кен өндірісі салаларында ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын бақылады. Аймақ басшысы мал шаруашылығын дамытуда ауданның маңызды ролін атап өтті. Өңірде мал шаруашылығы кластерін құру жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр.
РКС: Торғай ауылдық округінде «Ерейментау-Астық» серіктестігі 10 мың басқа арналған бордақылау алаңы бар қой шаруашылығы фермасының құрылысын қол алды. Жоба аясындажемазық цехынан бастап астық қоймалары мен қажетті ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға дейін заманауи инфрақұрылым жасақталмақ. Биылдан бастап кәсіпорын Катар еліне ет экспорттауда. Араб елдерінде қазақстандық ет жоғары бағаланады, сұраныс та жоғары,-дейді мамандар. «Алтын таға» холдингіне қарасты шаруашылықтарда жылқы мен қой өсіріледі. Былтыр Катар елімен келісім-шартқа қол қойылған. Осы кезге дейін 17 рет өнім экспортталған.
СНХ: АЛТЫНБЕК ОРЫНБАЕВ, «АЛТЫН ТАҒА» ХОЛДИНГІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Олардың өздерінің критерийлері бар: салмағы 12 мен 20 килограмның арасында болуы керек. Жасы 6 ай мен 1 жастың аралығында болуы керек. Біз жіберер алдында барлық акт экспертизы, ветсанзаключение барлығын аламыз документті. Сонымен қатар жіберер алдында ветинспекция да тексереді қойдың салмағын, качествосын. Барлық документтер тексеріледі. Қазіргі таңдағы проблема – ол бізде Астанадан прямой рейс жоқ., Катар еліне Дохаға. Біз транзитпен Дубай арқылы жіберіп жатырмыз. Қазір Астанадан екі рейс ұшады аптасына. Катар елінен разрешение болмай тұр, министерстводан. Сол сұрақты шешілсе, Астанадан прямой рейс Катарға жібере аламыз. Сондықтан біздің Ақмола облысындағы шағын кәсіпкерлерге айтатыным, бізбен жұмыс жасауға болады. Бірақ барлық талаптарға сай келуі керек. Салмағы, жасы, құжаттары барлығы сай болса біз жұмыс істеуге дайынбыз.
РКС: Осы айда Ерейментауда тағы бір ірі жоба қолға алынбақ. 20 мың басқа арналған сиыр етін өндіретін агроөнеркәсіптік кешеннің құрылысы басталады. Жылына шамамен 90 мың тонна жемазық пен 7,5 мың тонна ірі қара мал етін өндіру жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 77 миллиард теңгеден асады. Кәсіпорынның арқасында 380 жұмыс орны ашылады. Мал шаруашылығымен қатар Мал шаруашылығымен қатар ауданда тау-кен өнеркәсібі де қарқынды дамуда. «Қызылту» серіктестігі мыс-молибден кенін қайта өңдейтін тау-кен байыту фабрикасы құрылысының жобасын әзірлеуде. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 6 миллион тоннаға дейін болады деген болжам бар. 500-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Облыс әкімі Марат Ахметжанов барлық инвестициялық жобаның іске асырылуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ