ДИКТОР: Көкшетауда Жеңістің 80 жылдығына орай бірегей веложарыс өтті. Оған ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Түрлі саладан 60-қа тарта адамды жинады. Велошерудің қатысушылары саябақтың ішімен Жеңіс жалауын желбіретіп жүріп өтті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Велошеруге қатысқандардың жасы 50-ден асқандар. Ауған соғысына қатысушылар, мүгедектігі бар жандар, түрлі саладағы ардагерлер жасына қарамастан мерекелік веложарысқа ерекше ықыласпен қатысты. Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев ардагерлерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. Ерліктері үшін алғыс білдіріп, ардагерлерді қашан да қолдауға әзір екенін жеткізді.

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, «АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ОДАҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл шараға Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің, Ауған соғысының, теміржол саласының ардагерлері қатысып жатыр. «Синегорье» клубының өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі жандар да үлес қосуда. Осылайша біз біріксек бәрін жеңе алатынымызды көрсеткіміз келді. Балаларымызға, немерелерімізге тарихымызды, әкелеріміз бен аталарымыз ерлікпен күресіп, жеңіске жеткені туралы айтуымыз керек.

РКС: Одан соң ардагерлер арасында көңілді сайыстар өтті. Доп лақтыру, әзілге толы эстафеталар, достық сипатындағы жарыстар қатысушыларды біріктіре түсті. Шара соңында дала асханасында пісірілген дәстүрлі палау ұсынылды. Жылы атмосфера мен соғыс жылдарындағы әндер ерліктің ұмытылмас екенін еске түсірді.

СНХ: РАМАЗАН МҰҚАТАЕВ, «БІРЛІК» МҮГЕДЕКТІГІ БАР ТҰЛҒАЛАР ОДАҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жеңістің 80 жылдығына арналған осындай тамаша шараға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Бейбіт өмір сыйлаған ата-бабаларымызға мың алғыс!

СНХ: АНАТОЛИЙ ГОНАГО, СПОРТ АРДАГЕРІ: Жеңіс күні мен үшін қарапайым мереке емес, өйткені әкем соғысқа қатысқан. Оның Германия мен Жапонияны жеңгені үшін марапаттары бар. Сондықтан айтулы мереке қарсаңында ұйымдастырылып жатқан шарадан қалыс қалғым келмеді.

РКС: Шараның барлық қатысушысына Грамоталар мен төсбелгілер табысталды. Ал веложарыстың жеңімпаздары кубокпен марапатталды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ