ДИКТОР: Көкшетауда Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы мен батыр атындағы музейдің 30 жылдығына және халықаралық музейлер күніне арналған «Мәңгілік тұлғалар» атты I республикалық тұлғалық музейлер фестивалі өтті. Басты мақсат бірлескен шығармашылық жобаларға және музейаралық кәсіби қарым-қатынасқа жағдай жасау,заманауи музей жұмысы мен жаңа форматтағы музей ісін насихаттау. Республиканың әр өңірінен келген музейлер алдымен көрермен назарына көрме ұсынды. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы жалғастырады.
РКС: Фестиваль Мәлік Ғабдуллиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етуден басталды. Көрікті Көкше жеріндегі шараның негізгі ұйымдастырушысы да-Мәлік Ғабдуллин музейі. Фестивальге республиканың 9 өңірінен және жергілікті жерден 3 музей қатысты. Әр мұражай ең негізгі тұлға атына сай 5 экспонаттан әкеліпті. Алғаш рет өткізіліп жатқан ауқымды фестивальге келген музей өкілдері арнайы қызыл кілеммен жүріп өтті.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: САЛТАНАТ ЖАМБЫЛОВА, Ж.ЖАБАЕВ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ (АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ): Жамбыл атамыз бен Мәлік Ғабдуллинмен кезінде кездескен екен.1943 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде. Ол кезде Мәлік ағамыз елге қайтқан ғой демалысқа. Сол кезде Жамбыл атамызға ол кісіні кездестірген екен. Сол кісінің батасын алып, қолынан дәм татып,1-2 күн қасында жатқан екен. Сол кездерде үйге кірген кезде Жамбыл атамыз күтіп жатқан ғой Мәлік атамызды бұл кешігіңкіреп келген кейін үйге келіп жата қалған ғой. Сол көз шырымын алып кетті дейді. Сәбит Мұқановтар бастап кіріп, міне батыр балаң келді дегенде, бірақ тұра алмай сол жерде амандасып, «Ой мен сені Қобыланды, Өтеген,Саурық сияқты батырлар екен десем,шынашақтай ғана бала екенсің ғой»-деп өзара қалжыңдасып күліп айтқан екен.
СНХ: АЯН САДАЕВ, АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН): Тұлғалық музейлердің маңыздылығын және де болып жатқан бүгінгі іс-шараның ең бастысы ол таныстыру. Әрине республика бойынша қаншама халқымыз бар. бір-бірімізге қонаққа бармасақ,ешкім музейге бармайды. Сондықтан бүгін әдейілеп жасаған1-ші республикалық фестиваль өте дұрыс деп санаймын. Бұл бірінші рет болып жатқандықтан әлі жалғасы табылады деп ойлаймын. Сондықтан сәттілік тілеймін,әрине.
РКС: Ата-бабадан қалған мұраны тәбәрік ретінде қастерлейтін қазақ үшін музей ұғымы тіптен жат емес. Аласапыран шақта ұстағанның қолында, тістегеннің аузына кетірмей, жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтап, жанкешті қызмет етіп келе жатқан музей қызметкерлерінің де еңбегі ұшан-теңіз. Еліміздегі ескі мәдениет ошақтарының бірі-музей екені белгілі. Фестивальге арнайы келген әр музей ұжымы тарихи қойылыммен қатар, 2-кезеңде экспонаттарын таныстырса, 3-кезеңде 3 сұраққа мүдірмей жауап беруі талап етілді. Фестиваль аясында пресс-конференция ұйымдастырылып, бұқара халықтың көкейінде жүрген музей ісін дамытуға байланысты сауалдар да қойылды. Тұлғалық музейлердің ұрпақты отансүйгіштік пен батылдыққа тәрбиелеуде алар орны ерекше, –дейді музей қызметкерлері.
СНХ:ЖАНАР МАҚСҰТОВА, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ Ә.МОЛДАҒҰЛОВАНЫҢ МЕМОРИАЛДЫ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ (АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ): Негізі республикалық тұлғалық фестиваль алғаш рет Көкшетау өңірінде өтіп отыр. Бұл алғашқы рет дегеніміз тұлғалық музейлердің бірінші бас қосуы болып саналады. Бұл музейлердің ынтымақтастығы мен алға қадам жасауы үшін, музейлердің атын өздері музей ретінде шығару үшін өте маңызды шара болып сепетеледі. Көкшетаулық ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Басты мақсатымыз биыл батырымызға 100 жыл толады. Әлия небәрі 18 жас өмір сүріп, өзінің артында отансүйгіштікке, ерлікке, батылдыққа барудың , рухты қалыптастырған тұлға болып есептеледі.
РКС: «Мәңгілік тұлғалар» атты I республикалық тұлғалық музейлер фестиваліне өз жұмыстарын ұсынған музейлердің еңбегі 3 кезең бойынша бағаланды. Қазылар алқасының шешімімен барлық кезеңнен сүрінбей өткен Алматы облысының Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалдық музейі бірінші орынды иеленді.
СНХ: НӘЗИРА КӨЗБАҒАРОВА, Ж. ЖАБАЕВ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ (АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ): Жамбыл атамыздың аруағы қолдап, міне үлкен жүлделі 1-орынға ие болып отырмыз. Енді көңіл-күй керемет, барымызды салдық. Жамбыл атамыздың қасиетті домбырасын алып келдік. Жамбыл атамыздың ұлы жолын насихаттап әрі Мәлік атамыз екеуінің кездескендігін, екеуінің рухани байланысын ерекше көрсеттік деп ойлаймын.
РКС: 2-орынды және 300 000 теңгелік сертификатты Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі еншіледі. Қазылар алқасының шешімімен Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені жүлделі 3-орынға ие болды. Оларға 200 000 теңгенің сертификаты табысталды. Іс-шараға белсене қатысқан әр музей ұйымы 50 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Ұлтының патриоты болып ерлікпен Отан қорғап, ұрпақ тәрбиесіне көп еңбек сіңірген Мәлік Ғабдуллин тұлғасы қашан да Отансүйгіштіктің үлгісі, символы болып қала бермек.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ