ДИКТОР: Көкшетауда Жеңістің 80-жылдығына дайындық қызу жүріп жатыр. Абылай хан алаңында қала тұрғындары, оның ішінде оқушылар, студенттер мен ұстаздардан құралған 400-ге жуық адам «Жеңіс вальсін» билеуге дайындық үстінде. 9 мамырда басты алаңда үлкен шара ретінде өтеді.

РКС: Бұл ерекше бидің әуені де тарихтан сыр шертеді. «Әр қадамы мен әр қимылы ата-бабаларымызға тағзым», – дейді ұйымдастырушылар. Би арқылы сонау бір сұрапыл жылдардың батырларына құрмет көрсету мақсатында қала жастары мен қатардағы еріктілер бірлесіп, ерекше әуенге сәйкес дайындалып жатыр.

СНХ: ДИНА ОРМАНШИНА, "АСЫЛ МҰРА" ХАЛЫҚТЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: Бұл ерекше шараға 400-ден астам адам қатысады. Бүгін, міне, өздеріңіз көріп отырғандай, дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Біз осы шараға келушілердің әрқайсысын қуана қарсы аламыз. Бұл би — жай ғана өнер емес, ата-бабаларымызға, соғыста ерлік көрсеткен ардагерлерге деген құрметтің белгісі. Біз осы вальс арқылы оларды мәңгі есте сақтап, бейбіт өмір үшін, ашық аспан мен тыныш заман үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.