ДИКТОР:Ерлі-зайыпты Дәуеновтар бірнеше жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді. Олар қоғам алдындағы ауыр борыштары мен міндеттерін қайыспай бірге көтеріп келе жатқан жұп. Өмірге деген қызығушылықтары мен жетістіктерінің арқасында қос тәртіп сақшысы ортақ тіл табысып, ұл-қыз тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы жалғастырады.
РКС: Отағасы Арман Дәуенов 1989 жылы Арқалық қаласында дүние келген. 2013 жылы Көкшетаудағы жоғары оқу орнын тәмамдаған. Астана іргесіндегі Ақкөл ауданында жедел уәкіл болып қызмет істеп жүрген кезінде жарын кезіктіреді. Альбина Семейде құрылысшы мен мұғалімнің отбасында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын Ақмола облысында бастапты. Қос тәртіп сақшысы Ақкөлде жұмыс барысында танысып, 2017 жылы отбасын құрды. Халыққа мінсіз қызмет ету адал борышымыз. Бір салада қызмет ету үшін өзара түсіністік болу керек,-дейді олар.
СНХ: АРМАН ДӘУЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: Осы қызметте қызмет атқарып жүргеніме 11 жыл болды. Ішкі істер министрлігіне келген себебім әкем өзі жұмыс істеген. Қазір ол кісі пенсионер. Сол сондай қызығушылықпен полииция қатарына келіп қызмет атқарып жатырмын.
СНХ: АЛЬБИНА ДӘУЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Мектепте оқып жүрген кезімде полицияда жұмыс істегім келді. Формадағы қызметкерлер ұнайтын. Прокуратурада тәжірибеден өтіп жүрген кезде полицейлердің, тергеушінің жұмысын көріп қызығатынмын. Олардың қалай жұмыс істейтіні, қылмыстық істерді тергеу барысы ұнады. Сондықтан осы саланы таңдадым. Жұмыстың қиындығы мен қатар артықшылықтары да бар. Қиындығы қашан да қызметтеміз. Қашан да екеуміз бірдей күшейтілген режимде саптамыз. Баламыз бар. Осы тұрғыда сәл қиындау. Ал артықшылығына келсек, бір-бірімізді үнсіз түсінеміз. Өйткені екеуміз де бір толқындамыз. Бір-бірімізге қолдау көрсетеміз.
РКС: Үйдің де,түздің де жұмысын қатар алып жүру әсте оңай емес. Бірақ, Альбина бұл қиындықтан еш кедергісіз өтіп жүр. Жұбайы Арманның қолдауы қашан да қанаттандырады. Сол себепті бәрін үлгеруге тырысады. Альбинаны әріптестері жұмысына адал, адамгершілігі жоғары жан деп бағалайды.
СНХ: ЖАННА БАЛТАБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОРЫ: Жұмыста талапшыл. Қазір бірге осы бір бөлімдеміз. Аудан қызметкерлерімен сұраныстарымыз көп. Сол сұранысты Альбинаға қарап үйреніп жатырмын. Жасым үлкен болса да, оның осы бөлімде тәжірибесі көп, мол. Және де үйренетін жайлар өте көп екен. Егер жұмыстан тыс болса, адам ретінде өте керемет жан. Әруақытта көмек береді.Уақытпен ешқашан санаспай.
РКС: Отбасында мейірімді жұп,ал жұмыста қатал. Жауапкершілікті терең сезінетін қызметкерлер. Темірдей тәртіп пен кәсібилікті қатар ұстап келе жатқан жандар. Осылайша олар отбасындағы адалдықтарымен, еңбектегі нәтижелі еңбектерімен өзгелерге үлгі болып жүр.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ