ДИКТОР: Қырғызстанда есту қабілеті нашар жандарға арналған еркін және грек-рим күресі бойынша әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Ақмолалықтардың қоржынында 1 алтын және 2 қола жүлде бар.

ИНТЕРШУМ: жеңімпаздардың келуі

РКС: Облыстың атынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мерген» спорт клубының балуандары ұсынылды. Рүстем Қамиден мен Райымбек Амангелді 51 және 79 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. № 4 мектеп-интернаттың оқушысы 17 жасар Рустам грек-рим күресінен «қола», ал еркін күрестен бірінші орынды иеленді.

СНХ: РҮСТАМ ҚАМИДЕН, СПОРТШЫ: Қырғызстан еліне келген сәттен жаттығуды бастап кеттік. Мен грек-рим күресінде, содан кейін еркін күресте өнер көрсеттім. 3 рет күш сынастым. Ең мықты қарсыласым Үндістаннан келген спортшы. Бірақ мен оны да жеңдім.

РКС: Жеңімпаздрды қарсы алуға ата-аналары мен жақындары, спорттағы достары келді. Спортшылардың бас бапкері бұл әлем біріншілігіне дайындық 1 жыл бойы болғанын айтып кетті.

СНХ: НИЯЗБЕК БЕКІШЕВ, БАПКЕР: Жарыс өте қиын болды. Барлық спортшылар мықты дайындықпен келді. 79 келі санатында өнер көрсеткен екінші спортшымыз Райымбек Амангелді еркін күресте үшінші орынға ие болды. Осылайша біз өз күшімізді бердік, өз жұмысымызды көрсеттік. Спорт басқармасына, сондай-ақ біздің спорт клубына алғыс айтқымыз келеді.

РКС: Жарысқа 16 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте үздік атанды. Түрлі салмақ дәрежесіндегі спортшылар 15 марапат жинады, оның 3-і ақмолалық балуандар.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ