ДИКТОР: Ауыл тұрғындарына онкологиялық көмекті дамыту мәселелері мен перспективалары. Осындай тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған шара Қазақ КСР-на еңбек сіңірген дәрігері Өмірбек Бәйкеновтың 90 жылдығына орайластырылған. Пленарлық отырыс онкологиялық ауруларды дигноздау және емдеуді жақсартуға, сондай-ақ паллиативті көмек пен онкологиялық оңалтудың өзекті мәселелерін талқылауға бағытталды.

РКС: Конференция барысында облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова Өмірбек Бәйкеновтың денсаулық сақтау саласына қосқан баға жетпес үлесін ерекше атап өтті.

СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Еңбек сіңірген дәрігер, онкология қызметінің негізін қалаушы Өмірбек Кәкімұлы Байкеновтің 90 жылдығы аясында осындай маңызды іс шараны өту. Онкологиялық қызмет көрсету бойынша диспансерлік заманауи ұйымдастыру әдістемелік, диагностикалық және емдеу профилактикалық орталығына айналуы ағамыздың еңбегі десек қателеспейміз. Ағамыздың көзі тірі кезінде біздің аймақта онкологиялық қызмет денсаулық сақтаудың негізгі буын бәріне біріне айналды, іскерлік қасиеттермен қатар ол онколог дәрігерлердің тұтас ұрпағын тәрбиелеген болатын. Өмірбек Кәкімұлы ауылдан келген науқастарға ерекше назар аударып отырды, аудандарға жиі барып, жергілікті орындарда кеңес беріп жүрді.

РКС:Конференцияға қатысушылар мұндай шаралар ең алдымен ақ халаттылардың тәжірибе алмасуына және медицина саласына озық жаңашылдықтар енгізуге ықпал ететінін атап өтті. Облыс бойынша денсаулық сақтау жүйесі қарқынды дамып келеді. Онкология саласындағы жетекші мамандар Өмірбек Бәйкеновтың бұл салаға қосқан үлесінің зор екенін жеткізді.

СНХ:АБАЙ МӘКІШЕВ, «АСТАНА» МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ОНКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бүгін ерекше күннің бірі. Елімізде, жалпы Көкшетау өңірімізде ғана емес, бүкіл республика бойынша Хәкімұлы ең бірінші онкология саласын қалыптастырған адамдардың бірі. Көкшетау өңірінде 60 жылдардан бастап. Ол кезде онкология деген өте қауіпті, өте күрделі жұмыстар болып саналады. Оған қарамай ол бүкіл өмірін сол салаға салды. Мен ойлаймын ол кісінің есімі ешқашан ұмытылмайды. Көңілімізде әрқашанда жақсылық мінекей жанұясына тілейтініміз. Болашақ дәрігерлерге үлкен үлгі. Әр дәрігер осындай дәрігер болуға тиіс.

РКС: Естеріңізге сала кетейік, бұл шараны облыстық көпсалалы ауруханасының онкологиялық орталығы ұйымдастырды. Екі күнге созылған шара аясында онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи әдістерін көрсетуге бағытталған мамандандырылған бөлімшелерде онкохирургия және торакалды хирургия бойынша практикалық шеберлік сағаттары өткізілді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ