ДИКТОР: Құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында облыстағы журналистер қауымы өрт сөндірушілердің киімін киіп, бір сәтке болса да олардың қауіпті жұмысының бір парасымен танысты. Олар қауіпті аумаққа, яғни жасанды өрт ошағына кірді. Басты мақсат қызыл жалынның құрсауында қалған адамды құтқару. Бұл жер облыстық төтенше жағдайлар депарментіне жаңадан келген жас мамандарды үйрету үшін жасақталған.

СТЭНДАП: МАҚПАЛ АЙБАБИНА, РЕДАКТОР: Өрт сөндіру жүректілердің ісі. Бүгін өңірдің бірнеше журналисті қауіпті мамандық иелерімен бірге өрт сөндіреді, кездескен кедергілермен бетпе бет келіп, қиындықтан шығудың жолдарын іздестіреді.

РКС: Өрт сөндіру аумағына кірген әріптесіміздің бірі санаулы минуттарда қара түтін мен ішіндегі жанұшыра көмекке шақырған жанның дауысынан өзін жайсыз сезініп, бірден сыртқа шықты. Қалған журналистер қауіпті аумақта жалын құрсауында қалған "әжейді" құтқаруға тырысты. Ғимарат ішінде кедергілер өте көп, соған қарамастан 30 келіден асатын қалың киіммен тар жерлерден өтіп, барынша тырысты.

СНХ: БАҚЫТЖАН АЛАШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Өзіміздің күнделікті істеп жатқан жұмысымызды көрсетіп, қандай жағдайда қандай қиыншылықтар бар екенін көрсеткіміз келді. Әрі қарай да бір-бірімізді қолдап, жұмыс жасаймыз деп ойлаймын.

РКС: Журналистер қауіпті аумаққа екі рет кірді. Өрт сөндірушілер оларды монитор арқылы сырттан бақылап тұрды. Қанша әрекет жасап тырысқанмен, ондағы маникенді ешбірі құтқара алмады.

СНХ: АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, "ХАБАР" АГЕНТТІГІНҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ: Жаңа құтқарушылардың рөлінде киімін киіп, қауіпті аумаққа барып көрдік. Өте қиын, іші қараңғы, түтін болғаннан кейін және өтетін жерлер өте тар. Жүрек әлі де алқынып тұр. Сондықтан өрт сөндірушілердің жұмысын бағалау керек деп ойлаймын. Еңбектері орасан, сондықтан да өрт сөндірушілерге құрметім екі есе арта түсті десем қателеспеймін.

СНХ: ОКСАНА МАТАСОВА, ЖУРНАЛИСТ: Шынын айтқанда бұлай қиын болады деп ойламадым. Зардап шеккен адамды құтқара алмағанымыз өкінішті. Ол маникенді көрдік, бірақ жете алмадық. Мен құтқарушы болуды армандайтынмын. Өте қиын жұмыс екен. Ішінде рацияны жоғалтып алдым.

РКС: Биыл облыста жылу беру науқаны басталған бір айдың ішінде ғана жеке меншік үйлерде 16 өрт оқиғасы тіркелген. Көміртегі тотығына уланып 1 бала көз жұмған, 3 адам ауруханада жатыр.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ