ДИКТОР: Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары қаржылық сауаттылық тақырыбында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеінің студенттеріне дәріс оқыды.

РКС: Қаржылық сауаттылық туралы дәріс студенттерге жеке қаржыны, несиелерді, инвестицияларды және басқа да маңызды аспектілерді басқаруды жақсы түсінуге көмектеседі. Қаржылық сауаттылық дұрыс шешім қабылдауға және жалпы қаржылық қателіктерден аулақ болуға ықпал етпек.

СНХ: АЛМАС БАЙМҰРЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір адамдардың көпшілігі алаяқтық схемаларға тап болуда. Сондай-ақ, қаржы пирамидаларына кіріп кетеді. Қаржы пирамидасы дегеніміз не және ол үшін қандай қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді. Достарын, туыстарын, жақындарын, ата-аналарын қаржылық пирамидаларға кірмеуге бағыттау қажеттігін айттық. Мұндай қадам қашан да шығынға душар етеді. Студенттерге мұның бәрі қаншалықты маңызды екені туралы бейнеролик көрсетілді. Қаржы пирамидасына қатысты жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабында көзделген. Сондай-ақ, осы баптың 1-ші бөлігінде қаржы пирамидасын жарнамалаудың салдары да айтылған.

РКС: Студенттерге несие және несие карталары сияқты өнімдер жайында ақпарат берілді, сондай-ақ қарыздарды басқару мүмкіндігі қаржылық қиындықтардан аулақ болуға көмектесетіні туралы айтылды.

СНХ: ЕРАСЫЛ БЕРІКБОЛ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Қаржылай сауаттылық, қазіргі таңда ең маңызды тақырыптардың бірі. Әр адамның өзінің қаржысын тиімді пайдалану, үнемдеу, шығысын, кірісін мен пайдасын есептеу сияқты мағыналарын білдіреді. Кейбір адамдардың қаржылай сауаттылығы жоқ. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті құқық кафедрамен тығыз байланысты жұмыс істеп жатырмыз.

РКС: Қаржы пирамидаларына қатысу тек шығынға ғана әкеліп тіремейді. Сонымен бірге заң алдында да қатаң жауапқа тартылады. Қаржы пирамидаларының көпшілігі заңсыз екенін біле бермейді.

СНХ: РУСЛАН АЗИЕВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қаржылық пирамидаларды анықтауға болатын критерийлерді белгіледі. Қаржы пирамидаларының схемалары түсіндірілді. Соңғы уақытта пирамидалардың заңсыз қаржылық қызметі өте жиі кездеседі. Сондықтан бізге бұл мәселе туралы таныстарымызға, туыстарымызға және достарымызға ескерту туралы ұсыныс айтылды.

СНХ: МӘДИНА ІЛИЯС, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Қаржылық сауаттылықтағы алаяқтық адамдардың қаржы жағынан, яғни заңсыз түрде олардың ақшасын, мүлкін, материалдық ресурстарын өздеріне иемдену. Қаржылық білім болмағандықтан адамдар алаяқтыққа тап болады. Өзіміздің жеке мәліметтерімізді қатаң сақтауға, ешкіммен бөліспеуге қажет. Интернетке өзіміз туралы мәліметтерімізді салмауға тырысуымыз қажет.

РКС: Мұндай дәрістер жастар арасындағы қаржылық сауаттылық деңгейін едәуір арттырады. Сонымен қатар болашақта қаржы саласында неғұрлым негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ