ДИКТОР: 4 күнге созылған облыстық дарынды жастардың фестивалі аяқталып, үздіктердің есімі жарияланды. Айта кетейік бұл сайыс 5 бағыт бойынша өтті. Фестиваль облыстағы студент жастардың адами және мәдени әлеуетін арттыру және сақтау, өскелең ұрпақтың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасауды көздеген шара..

РКС: Облыстық дарынды жастар фестиваліне қатысуға 100-ден астам өтінім келіп түскенімен, солардың тек 70-і ғана финалдық кезеңге жолдама алды. Олар «Cover-нұсқа», «Домбырамен дәстүрлі орындау», «Тапқырлар алаңы», «Қазақ аруы-2024» және «Үздік мобилограф» номинациялары бойынша бақ сынасты. Мұндай сайыстар жастардың дарыны мен әлеуетін ашуға жол ашады. Екіншіден жұрт алдында өзін-өзі көрсетуге зор мүмкіндік,-дейді қатысушылар.

СНХ: МҰХАМЕДӘЛИ ӘДІЛБАЙ, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ: Жалпы жастарға, бізге үлкен сенім артылып отырғандықтан, жалпы осындай сөз барысында Шәкәрім Құдайбердіұлы ұлы атамыздың керемет сөзімен жалғастырып келгім отыр: «Әуелі адам болсаң – өзіңді біл, адамға сөйлейтігін сөзіңді біл, қай жаста не істейтін кезіңді біл». Яғни біздің жастық жалындап тұрған кезіміз – бұл біздің білімділігімізді, қазіргі қоғамға көрсетіп, эмоционалдық тұрғыдан да, жалпы барлық тұрғыдан танытып, еліміздің үмітін ақтап, жоғары деңгейде ары қарай болашақта көрсетеміз деген ниетіміз бар. Осындай ниеттерге үлкен жол ашушы бағдар болды.

РКС: Фестивальдің жабылу салтанатында «Қазақ аруы-2024» номинациясының қорытындысы шығарылып, жастардың көңілін бір серпілтіп тастады. Қаладағы түрлі оқу орнынан қатысқан 13 бұрымды аталған байқаудың маңыздылығы мен жоғары бәсекелестік деңгейінде өткенін атап өтті. Қазылар алқасының шешімімен Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Айсұлу Лұқман жеңімпаз деп танылды.

СНХ: АЙСҰЛУ ЛҰҚМАН, «ҚАЗАҚ АРУЫ-2024» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Конкурс өте жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі алған номинацияма өте қуаныштымын. Қатысқан барлығы жақсы, жоғары деңгейде дайындалған болатын. Осындай мықты, сабырлы қыздардың арасынан суырылып шығу, осындай номинацияға ие болу маған өте әсерлі, өзімнің көңіл-күйім жақсы. Өте қуаныштымын, ата-анамның үмітін ақтаған деген ойдамын.

РКС: Фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ