ДИКТОР: Ел тәуелсіздігі кезінде азаматтық қорғау саласына ерекше назар аударылып, дамудың даңғыл жолына түсті. Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы Академия төтенше жағдайлар министрлігінің мамандарын дайындайды. Биыл Қазақстандағы болашақ құтқарушыларды даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны 27-ші түлегін ұшырғалы отыр.

РКС: Академияның 4-ші курсының курсанты Нұрсұлтан Найманғазиев Абай облысының Семей қаласында туып өскен. Курсант үшін құтқарушы болу арман емес, нағыз мамандық. Көктемгі су тасқыны кезінде өңір тұрғындарына төтенше жағдай қызметінің мамандарымен тең дәрежеде көмек көрсетті. Атбасарда орын алған жағдайдың бел ортасында жүріп, мол тәжірибе жинақтады. Бұл менің болашақ мамандығыма зор үлес қосты,-дейді кейіпкер.

СНХ: НҰРСҰЛТАН НАЙМАНҒАЗИЕВ, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Осы оқуға түсу себебі – менің басты арманым болды. Яғни, адамдарға көмек көрсетіп, құтқару бірден себепкер болды. Және де осы оқудың маған барлық жағынан ұнап жатыр. Бұйырса, осы 4-ші курсты бітіріп, өзімнің облысымда адал еңбек етуге. Бұйырса, өзімнің мақсатым да бар. Болашақта қазіргі курсанттар да менімен бірге офицер шені алып, болашақта өздерінің облыстарда қызмет етсін. Барлық құтқарушыларды 19 қазан күні, құтқарушылар күнімен, құттықтаймын!

РКС: Академия бастығы Қайрат Тоқсейітовтің өзі де өрт сөндірушілер әулетінен шыққан. Оның айтуынша, курсанттар мен офицерлер түрлі төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде мамандарға зор көмек көрсетеді.

СНХ: ҚАЙРАТ ТОҚСЕЙІТОВ, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Курсанттарға білім нәрін сіңірумен қатар әскери-патриоттық тәрбие туралы айтып отыруды да ұмытпаймыз. Біздің болашақ офицерлеріміз, курсанттарымыз қызметке тұрып, төтенше жағдайларды жою, адамдар мен олардың мүлкін құтқару жөніндегі аумақтық бөлімшелерімізді басқарады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, құтқарушылар күні қарсаңында барлық ардагерлерді, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін осы мерекемен құттықтаймын. Жұмыста табыс, Отанымыздың игілігі үшін жемісті еңбек етейік.

РКС: Айта кетейік, биыл Нұрсұлтан Найманғазиевпен бірге академияның 150 түлегі қолына жоғары білім туралы дипломы табыс етіледі. Лейтенанттық погонымен бірге алғашқы офицерлік атағын да алып шығады. Академия құрылғалы бері 6 мыңға жуық Азаматтық қорғаныс кадры түлеп шықты.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.