ДИКТОР: Көкшетауда "Қазіргі қазақ тілі" атты облыстық конференция өтті. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда айқындалғанымен, заман талабына сай қоғам қажеттілігіне айналды ма? Ана тілімізді кеңейту жолындағы әрбір қазақстандықтың рөлі қандай? Жиынға жиналғандар қазақ тілі мен әліпбиі төңірегін¬дегі осындай сұрақтарға жауап іздеп, мемлекеттік тіл сая¬сатын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады.

РКС: Конференцияға филология ғылымдарының докторлары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, тіл жанашырлары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы - Гүлгүл Ысқақова да болды. Ол мемлекеттік тілдің мәселесін барлық жерде кеңінен қолға алып, кешенді жұмыстар жүргізу керектігін алға тартты.

СНХ: ГҮЛГҮЛ ЫСҚАҚОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Қазіргі таңда енді қазақ тілін 80 пайыз халық біледі екен. Бірақ, тұтынатыны 50 пайыз. Кейбір жағдайларда біліп тұрса да, сөйлемей жатқан халқымыз бар. Қазір контенттің барлығы әлеуметтік желілерде орыс тілде немесе ағылшын тілде берілуі. Балалардың ментальдық өрісі сол тілдерде қалыптасып жатыр. Бұл үлкен проблема. Оған үстірт қарамау керек. Қазіргі контенттердің барлығын қазақша айнаду керек деп ойлаймын. Немесе өзіміздің тарапымыздан балаларды қызықтыра алатын, бәсекеге қабілітті мультимедиалық контенттерді дайындау қажет.

РКС: Заман талабына сай қазір ұялы телефонсыз жүру мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, ұялы телефон өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Алайда, оның да ана тіліне өзіндік зияны бар. Ұялы телефонымдағы пернетақтада қазақ тілі жоқ деген сылтаумен қаншама қолданушы төл әріпті орыс тілінің алфавиті арқылы жазып, қысқартады. Осылай жалғаса берсе ана тіліміздің қоғамдағы орнының төмендейтіні анық. Оның үстіне әлеуметтік желінің барлығы орыс, ағылшын тілдерінде.

СНХ: ҚАЙРАТ НҰРДӘУЛЕТОВА, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНДЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Жастардың арасында көп дамыған осы әлеуметтік желілер ғой. Осыны қазақшаласақ, қазақи бағдарламаларды көбейтсек сонда қазақ балаларының тілі қазақшаға бейім болады деп ойлаймын. Қазіргі таңда енді баршаңызға мәлім перемен кезінде балалар өзге тілге жақын болып келеді. Міне, осылардың алдын алу үшін, оны түбегейлі жою үшін жалпы әлеуметтік желіні, ортаны қазақшалау керек деп ойлаймын.

РКС: Сонымен қатар, жиын барасында қазақ тілін кәсіби үйретудің әдістемелері талқыланды. Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығында қазақ тілін кәсіби деңгейде үйретуге арналған қосымшалар көп. Олар заманауи сұранысқа бейімделген.

СНХ: ЖҰЛДЫЗАЙ ЕРБАТЫРОВА, Ш.ШАЯХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ "ТІЛ-ҚАЗЫНА" ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Шетелдегі қазақтарға арналған қазақ тілі әмбебап бастауын әзірледік. Бұл Абай институты бағдарламасы іске қосылғалы атқарылған ең ауқымды істердің бірі. Тілімізді шетелдіктерге насихаттаудың алғы шартын дайындап бердік. Қазақ тілі әмбабап оқуын В1орта, В2 ортадан жоғары, А1қарапайым, А2 базалық,С1 жоғары деңгейдегілерін әзірледік.

РКС: Еліміздегі қазақ тілі ахуалы жөнінде сөз болғанда тіл мәртебесін дамыту үшін қажетті ұсыныстар ортаға салынып, талқыланды. Жиын соңында мемлекеттік тіл саласына сүбелі үлес қосып жүрген тіл жанашырларына облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаттары табыс етілді.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ