ДИКТОР: Жылу беру маусымы басталғалы облыста 20-ға жуық өрт сөндірілді. Бұл көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда төмен. Өрт сөндірушілер адам өліміне жол берген жоқ.

РЗК: Өткен жылу беру маусымында құтқарушылар 300-ден аса өрт сөндірді. 22 адамды аман қалып қалса, 16 адам көз жұмған. Қазір жеке меншік үйлерде өрт саны күрт өсті. Оған өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы басты себеп болып отыр.

СНХ: ДУМАН ДӘЛЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Орын алған өрттердің негізгі себептері 6 жағдайда пешті салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. 5 дерек бойынша электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, 1 факті бойынша тұрғындардың отқа абайсыз қарағаны себеп. Бұл ретте құтқарушыларымыз 5 рет қысқа тұйықталу және 3 қоқыс өртінің алдын алып, өрттің үлкен аумақтарға тыс таралуына жол бермегенін атап өткім келеді.

РКC: Cонымен қоса тұрғындар көмірқышқыл газынан да зардап шегеді. Осыған орай, әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне автономды түтін детекторларын орнату жұмыстары жалғасуда. 2017 жылдан бері қызметкерлер осы құрылғылардың 10 мыңнан аса данасын орнатқан.

СНХ: ДУМАН ДӘЛЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Жылу беру маусымына дайындық басталғалы біздің қызметкерлер 1 мыңға жуық дабылқаққыш құрылғы орнатты. Сондай-ақ биылғы жылыту маусымында 9 мың түтін детекторын орнату жоспарлануда. Бұл жұмыста бізде оң тәжірибе бар. Биыл Біржан сал ауданында құтқару жұмыстары сәтті өтіп, 2 қария аман қалды. Соңғы 3 жылда осы сенсорлардың арқасында 30-ға жуық адамның өмірі құтқарылды.

РКC: Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрмыстық өрттердің санын азайту үшін алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізеді. Олар жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері, еріктілермен бірге халықпен кездеседі. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтау мүлікті қорғауға және жақындарының денсаулығын сақтауға көмектесетіні баса айтылды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.