ДИКТОР: Біржан сал ауданында «Қансонар-2024» халықаралық саятшылар сайысы өтті. Аталған шара бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға және Біржан салдың 190 жылдығына орайластырылып ұйымдастырылған. Айта кетейік, қансонарға Ақмола облысынан бөлек, алыс-жақын ештелдерден де саятшылар қатысты.

STAND-UP: САБИНА ЖАМШИТОВА, ТІЛШІ: Қазақ халқы ежелден бүркітті ерекше қастерлеп, киелі құс санаған. Оны баптау атадан қалған дәстүр. Елімізде құсбегілік өнерін жанына серік еткендер арасында сайыстарды ұйымдастыру да қазір жыл сайынғы игі дәстүрге айналып келеді.

РКС: Құсбегілер бүркіт, ителгі, қаршыға құстарын сайысқа қатыстырды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген саятшылардан бөлек, Қырғызстан, Моңғолия, Венгриядан 90-ға жуық құсбегі келді. Сайыстың алғашқы санатында белгіленген қашықтықта бүркітті қолға шақыру талабы қойылды. Бүркіттің жылдамдығы, бүріп ұстау икемі бойынша ұпай берілді. Жарыстың екінші талабы бойынша ттелгі құсын шырғаны айналдырудан құсбегілер сайысқа түсті. Ал қаршығаны кетпелге жіберу сайыстың үшінші кезеңі. Финалға тек ұпай саны тең түскендер іріктелді. Халықаралық деңгейде аты танымал құсбегі, қазақтың бүркітші қызы Моңғолияның тумасы, қазіргі таңда Шығыс Қазақстанда тұрып жатқан Айшолпан Нұрғайып та қатысты.

СНХ: АЙШОЛПАН НҰРҒАЙЫП, ҚҰСБЕГІ: Менің әкем бүркітші, атам бүркітші болды. Көріп өскенім бүркіт болды кішкентай кезімнен осы 6 жасымнан бастап атқа үйрендім, 8 жасымнан бастап құсты баптап үйрендім, 13 жасымда бүркітші қыз Айшолпан ретінде әлемге танымал болдым. Жарысқа келдім, осы Көкше еліне. Қатысып жатырмын осы жарысқа, қатысушы ретінде келдім. Барлығы ұнап жатыр, барлығы жоғарғы деңгейде, күшті өтіп жатыр.

РКС: Құсбегілік өнерді жанына серік еткендердің бірі-Алтай Мүбәрәк. Ол осы сайысқа бақ сынау үшін Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданынан отбасымен арнайы келді.

СНХ:АЛТАЙ МҮБӘРӘК, ҚҰСБЕГІ (ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН): Сал сері де құс салған тегінде.Аралап талай жердің дәмін таттым, құс салып айдын көлге дабыл қақтым деген Үкілі Ыбырай. Ол кісілер құстарды салған кезінде. Өте қуаныштымыз осындай іс-қимылдар өте берсін. Былтырда келгенбіз. Отбасымызбен құсбегіміз.

РКС: Ақындығы мен серілігі жарасқан композитор Біржан салдың 190 жылдығына орай еліміздің түкпір-түкпірінен, сонымен бірге алыс-жақын шетелден келген қонақтар үшін арнайы көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ атақты бүркітші Мәсіп Батырханұлының жылжымалы мұражайы мәртебелі меймандар назарына ұсынылды.

СНХ: ШЫНАРБЕК БАТЫРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ "ҚАНСОНАР" ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Сондықтан жылда осы турнирлер ұйымдастырылып жатқанда біз Мәсіп атайдың жылжымалы мұражайын ұйымдастырамыз. Осындай киіз үйде. Жиырма жылдың ішінде бұл мұражай әжептәуір Көкше жерінде өтіп жатқан турнирлердің тарихын бәрін көрсетіп жатыр.

РКС: 2 күнге ұласқа саятшылар сайысында Бүкіртші номинациясында Атырау облысынан келген құсбегі Арман Құшқаров жеңімпаз деп танылды. «Қаршыға» номинациясында Жамбыл өңірінің намысын корғап келген Берікболсын Бабажан жеңімпаз атанды. «Ителгі құс» номинациясында Қарағанды облысынан келген Таңат Оспанқұлов бірден екі орынды олжалап қайтты. Өйткені саятшы бұл сайысқа қос бірдей ителгісін жарысқа қосты. Жеңімпаздарға Мәсіп Батырханұлы атындағы арнайы медальдармен қоса ақшалай сертификат табысталды.

САБИНА ЖАМШИТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ