ДИКТОР: Республика күні қарсағында Целиноград ауданына қарасты Қабанбай батыр ауылында жаңа білім ошағы қолданысқа берілді. Аталған оқу орны «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов білім беру мекемесіне арнайы барды.

РКС: Білім беру мекемесінің құрылысына 7 миллиард теңге бағытталды. Аталған мектепте оқу екінші тоқсанда басталады. Бір ауысымда оқытылады. 1200 оқушыға шақталған. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов мектеп балалар үшін білім алатын орын ғана емес, сонымен бірге мәдени орталыққа айналуы тиіс,-деп атап өтті. Оқушылар үшін қосымша үйірмелер, спорт секциялары ұйымдастырылады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы. Болашақ білімді жастардың қолында екенін ескеріп, балаларымыз осындай жайлы мектептерде оқуына жағдай жасап отыр. Жақсы білім алып, тәрбиелі болуына, спортта да жетістіктерге жету үшін бәрі қарастырылған. Яғни, сапалы білім алу үшін қажеттінің бәрі осы жерде бар.

РКС: Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған. 146 бейнебақылау камерасы жедел басқару орталығына қосылған. Бұдан бөлек «Alakanmektep» жобасы енгізілмек. Оның көмегімен мұғалім әр оқушының қайда екенін біле алады. Ата-аналар баласының мектепке кірген-шыққанын бақылап отырады. Сондай-ақ асханадан не сатып алғанын да қадағалау мүмкіндігі қарастырылған.

СНХ: РҮСТЕМ ЖАХИН, ҚАБАНБАЙ БАТЫР АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі күнге дейін 1400 бала оқып жатты. Олар екі ауысыммен,қысылтаяң, сондай қолайсыз жағдайда оқып жатты. Бүгінгі таңда енді біздің оқушыларымыз мынадай кең зәулім, барлық жағдай жасалған, оқушыларға барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған жайлы мектеп оқу бақытына ие болып отыр.

СНХ: СВЕТЛАНА ЛУЗАНОВА, ҚАБАНБАЙ БАТЫР АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ МҰҒАЛІМІ: Көптен күткен арманымыз орындалып, қуанышымызда шек жоқ. Оразақтан кейінгі ескі ауылымыздың балалары осындай жайлы мектепте білім алады. Бұдан асқан бақыт бар ма? Заманауи құрылғылармен жабдықталған.

РКС: Жайлы мектеп 860 оқушыны қабылдайды. Олар осыған дейін білім алып жатқан өзге оқу орындарынан ауыстырылмақ. Жақын маңдағы ауылдардың балалары алдағы жылы осы мектепке келіп оқиды.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ,БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ