ДИКТОР: Азаматтық қорғау қызметі мамандарының кәсіби мерекесі күні Көкшетауда Асқар Забикулинге қойылған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Айта кетейік, жерлесіміз Асқар Забикулин өрт құрсауынан адам өмірін құтқарамын деп ажал құшты. Ел Президентінің Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін 1–ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Құтқарушылар Аллеясына жиналған әріптестері батырды бір минут үнсіздікпен еске алды.

ИНТЕРШУМ:

РСК: Құтқарушылар жұмысының әр минуты қайғылы оқиғаның алдын-алуымен өлшенеді. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Бақытжан Алашов осылай деді. Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанты Асқар Забикулинге арналған өлең жолдарын оқыды. Айта кетейік, Асқар дәл осы оқу орнын тәмамдаған. Батырдың ерлігі әріптестерінің жадынан ешқашан өшпек емес.

СНХ: БАҚЫТЖАН АЛАШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ: Біздің қызмет бірыңғай механиз сияқты жұмыс істейді. Сондықтан да құтқарушылар ведомство алдында тұрған міндеттемелерді қасқайып тұрып орындайды. Адамдардың құтқарушыларға деген сенімі зор. Олар кез келген жағдайда көмек қолын созып, кез келген тығырықтан алып шығады. Өз өмірлерін қатерге тігіп жатады. Асқар Забикулинмен болған жағдай осының айқын дәлелі. 2022 жылдың 16-шы қарашасында Астанадағы «Қаһарман» тұрғын үй кешенінде өрт оқиғасы орын алған. Дабыл бойынша соны сөндіруге шыққанда Асқардың денесін адам өмірімен сәйкес келмейтін күйік шалды.

РКС: Құтқарушылар күніне орай облыстық төтенше жағдайлар қызметінің қатарына жас мамандар қабылданды. 60-қа жуық құтқарушы ант берді. Бұдан бөлек, министрліктің бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Департаменттің барлық бөлімшесіндегі өрт сөндіру бекеттерінің аумағында 300-ге тарта қылқанжапырақты тұқымдасына жататын көшет егілді. Салтанатты шара барысында бірқатар қызметкер марапатталды. Бірінің шені өссе, енді бірі Төтенше жағдайлар министрінің және жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хаттарын иеленді.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ