ДИКТОР: Степногорск қаласындағы мектептерде ұлттық спорт түрлері дәріптеледі. Оқушылардың асық атуға қызығушылығы ерекше. Балалар жарыстарға да қатысып жүр. Десе де, мектептің басты міндеті сапалы білім беру екені сөзсіз.

КСМ: Степногорсктағы №9 орта мектеп 1988 жылы орыс мектебі болып жұмысын бастаған. 2001 жылы қазақ сыныптары ашылды. Ал 2013 жылы тек мемлекеттік тілде білім беретін оқу ордасына айналды. Ал 3 жыл бұрын мектепке Қаныш Сәтбаевтың аты берілді. Қазір мұнда 750-ден астам оқушы білім алады. 54 мұғалім жұмыс істейді.

СНХ: ЖАНАР ШАЯХМЕТОВА, ҚАНЫШ СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ №9 ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Педагогтарымыздың барлығы шығармашылықпен жұмыс істейді. Араларында жоғары санатты, яғни бүгінгі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жаңаша аттестациядан өтіп жүрген ұстаздарымыз бар. Олар 12 педагог-зерттеушіміз бар, 14 педагог-сарапшымыз, 16 педагог-модератор бар. Солардың барлығы нәтижелі еңбек етіп жүр. Оқушыларымыздың да жетістіктері атап өтуге тұрарлық.

КСМ: Өткен оқу жылында 7 "алтын белгі" иегері түлеп шықты. Оқушылар түрлі байқауларға, "Абай", "Махамбет" оқуларына тұрақты қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Асық атудан да облыстық жарыста жүлдегерлер қатарынан табылады. Ендігі мақсат - бас жүлдеге қол созу.

СНХ: ТӨЛЕГЕН БАЛТАБАЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Қазір мектепте осы 5-6 сыныптар арасында лига жарысы бар. Сосын 7-8-9 сыныптар арасында. 10-11 әрқайсысы жеке-жеке. Қаладан ұтсақ, облысқа барамыз. Облысты ұтсақ, чемпионат Қазақстанға барамыз. Бұл бараларға үлкен қолдау, мотивация.

КСМ: Асық ату, бес асық ойындары - смартфондарға таптырмас балама. Балалар телефонға телмірмей, ептілікті, мергендікті жетілдіреді. Оқушылардың қызығушылығы жоғары. Сондықтан мектеп ұжымы бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғастыра бермек.

ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ