ДИКТОР: Көкшетауда «Песня-душа народа» атты 7-ші республикалық фестиваль өтті. Шараны «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының» облыстық филиалы ұйымдастырды. Ән байқауына Астана, Павлодар, Шымкент, Теміртау, Көкшетау, Щучинск және Макинск қалаларынан қоғамдық бірлестіктердің 12 шығармашылық ұжымы қатысты.

РКС: Фестивальге 100-ден астам адам қатысты. Концерттің басында өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілде әндер шырқады. Зал қазақтың халық және заманауи әндерін орындаған әртістерге зор қошемет білдірді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ВЛАДИМИР БОЖКО, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРЫС, СЛАВЯН, КАЗАК ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Қауымдастықтағы және жалпы Ассамблеядағы негізгі міндеттердің бірі-мәдени мұраны сақтау, дәстүрлерді дамыту. Бізге тән шынайы құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру. Тарихымызды да ұмытпаймыз. Қазақстанды бірлесіп игеруіміз және дамытуымыз керек. Сондықтан бұл бірегейлікті сақтау, достықты, келісім мен бейбітшілікті қалыптастыру-басты міндетіміз.

РКС: Осы шараға қатысқан музыкалық ұжымның бірі - "Вдохновение" ансамблі. Топтың жұмыс істеп келе жатқанына 10 жылдан асты. Солистер «Песня-душа народа» атты фестивальге 2-ші рет қатысып отыр.

СНХ: ВАЛЕНТИНА ЗДОР, «ВДОХНОВЕНИЕ» МУЗЫКАЛЫҚ ҰЖЫМЫНЫҢ СОЛИСІ: Бізбен бірге "Ардагерлер хоры" ұжымы жұмыс істеді, біз оны толықтыра түстік десек болады. Осы фестивальде өнер көрсетіп жатырмыз. Бізде көптеген ән бар, негізінен соғыс кезіндегі әндер. Бізде Заволокиннің, Есениннің және басқалардың әндері бар. Біз "Танго под баян" әнін орындадық. сонымен қатар дуэтпен бір, жеке оырндауымызда да қазақ, орыс әндері бар. Бәрі жақсы, керемет көңіл-күйдеміз.

РКС: Әртістердің өнерін кәсіби қазылар алқасы бағалады. Көкшетау қаласының тұрғыны Дмитрий Майер «Мемлекеттік тілде орындау» номинациясының жеңімпазы атанды. "Синегорье" вокалдық тобының әншісі «Анашым» әнін шын жүректен орындады. «Ансамбльдер» номинациясында «Ертіс казактары» Павлодар халықтық казак ансамблі бірінші орынды иеленді. «Үздік солист» номинациясында «Синегорье» вокалдық ансамблінің әншісі Олеся Цыганова жеңіске жетті. Жүлделі орындарға ие болған барлық орындаушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ