ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов Шортанды ауданының тұрғындарымен есепті кездесуі өтті. Өңір басшысы тұрғындарға Шортанды ауданының дамуы мен түйткілді мәселелер туралы айтты.

РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов мемлекет басшысы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін салаларға үнемі назар аударып келе жатқанына тоқталды. Сондықтан да биылғы жылы заңдылық пен тәртіпке, экономикалық өсімге, халықтың оптимизміне ерекше мән берілді. Одан әрі аймақ басшысы Шортанды ауданы индустриалды-аграрлық аудан болып саналатынын баса айтты. Онда өнеркәсіпті де, ауыл шаруашылығын да дамытуға қажетті ресурстардың бәрі бар.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі таңда ауданның облыстағы жалпы өнеркәсіп өндірісіне қосқан үлесі айтарлықтай жақсы. Басқа облыстармен салыстырғанда 7 процентті құрайтынын айта кеткен жөн. Шортанды ауданы еңбек адамдары, еңбекқор әулеттермен танымал.

РЗК: Өңір басшысы Марат Ахметжанов облыс бюджетінен бөлінген қаржыны дер кезінде халық игілігіне жарату керектігіне де назар аударды. Аудандағы орын алған мәселелерді шешу үшін жауапты органдарға бірқатар тапсырмалар берді. Жиын соңында еңбегімен елегенген бірнеше тұрғын халық игілігі жолындағы лайықты еңбектері үшін марапатталды. Әр салада еңбек етіп жүрген 7 азамат облыс әкімінің Алғыс хаты мен құрмет грамотасына ие болды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Сонымен қатар, облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады. Шортанды ауданы тұрғындарының бірі - жер мәселесімен келген Иван Лемеш. Ол екі серіктестіктің үлескері. Бірақ, ол сол серіктестіктерден шығып, өз үлесін қайтарып алуды қалайды. Бірақ бұл мүмкін емес. Жалпы жиналыстарда оның серіктестіктен кетуіне үнемі қарсы дауыстар көп болады. Сол себептен жер меншігіне билік ету құқығын жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ.

СНХ: ИВАН ЛЕМЕШ, ҚАРААДЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз осы органдардың барлығынан өттік. Қолымызда «Нива» серіктестігіне қатысты сот шешімі бар. Жиналыс үнемі өтіп жатыр, біз шағымданамыз, бірақ олар бізді серіктестіктен шығармайды. Заңның бәрі біз жақта болса да соттан өтеміз, кері қайтамыз, жиналытсар болып жатыр. Біз осылай үш айналым жүріп өттік.

РКС: Арызданушының мәселесін тыңдаған облыс әкімі бұл жер дауын тек үлескер мен серіктестік басшылары арасында келіссөз арқылы шешуге көмектесетінін атап өтті. Шортандылықтар қабылдауда жер, құрылыс және басқа да түйткілді мәселелерді қозғады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ