ДИКТОР: Егін өнді, өсті. Енді оны жинап, астық қоймаларына түсіру керек. Облыстағы 72 элевавтордың орақ науқанына дайындығы қалай жүріп жатыр? Келесі бейнематериалда.
РКС: «Sinegor-Grain» астық қабылдау серіктесіктің қоймаларына түсетін бар бидай міндетті түрде алдымен зертхананың тексерісінен өтуі тиіс. Осы жерде тұқымның ылғалдығы, тазалығы, сұрыптылығы қандай екені, бір сөзбен бүге-шүгесіне дейін толық зерттеледі.
СНХ: АЛМАГҮЛ ИМАНБАЕВА, «SINEGOR-GRAIN» ЖШС АҒА ЗЕРТХАНАШЫСЫ: Бидайды осында қабылдаймыз. Алдын-ала талдау жасаймыз. Ол үшін арнайы құрылғы бар. Оның арқасынада тұқымның ылғалдығын, ақуыз, глютенін тексереміз. Кейін біз бидайдың қаншалықты ластанғанын тексеру үшін 50 грамын осындай құрылғыға саламыз. Таза болса, сақтауға жібереміз. Ал сормен болса, тазартамыз.
РКС: «Sinegor-Grain» элеватордың сыйымдылығы - 30 мың тонна. Серіктестік бидай қабылдап сақтауға сақадай сай. Биыл компания жоспар бойынша 100 мың тонна тұқым қабылдамақ. Серіктестік өткен аптада тұқым қабылдауды бастапты. Қазір қабылданған 1 мың тонна астықты тазалау жүріп жатыр.
СНХ: ЖАНАТ ТАСЫҒОЖИН, «SINEGOR-GRAIN» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ: Диірменіміз бар. Ұн жасаймыз. Сушилкаларымыз дайын.Біздің элеваторымыздың орташа ауданы 2 гектар. 100 мың тонна газ лып қойдық. Биыл модернизация істедік. Сушилкаларға мощность қостық. Бидайдың емкосттарын көбейттік. Былтыр 1000 тонна қабылдадық, биыл 1500-2000 тонна қабылдаймыз. Теміржолымыз бар. Оған 15 вагон сыйады.
РКС: Өңірде 100 астық қабылдау орны бар. Оның 72-і арнайы лицензия алған. Сондай-ақ, биыл тағы бір жаңа элеватор ашылмақ.
СНХ: ТАЛҒАТ СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бізде жаңа астық сақтауға арналған мекеме ашылуға дайын. Астрахан ауданында. Сыйымдылығы 25 мың тонна. Біз әр жарты жылдыққа профилактикалық бақылау жүргіземіз. Келесі жылдан бастап астық туралы заңдағы өзгерістерге байланысты кейін тағы бақлау жасаймыз.
РКС: Жалпы, облыстағы 72 элеваторда 150-ден астам астық кептіргіш бар. Сыйымдылығы 4 млн 700 тоннаны құрайды. Күніне бұл қоймалар 6 мың тонна бидай кептіре алады екен. Сондықтан агроқұрылымдарда өнімді қайда сақтаймын деген мәселе туындамауы тиіс, - дейді мамандар. Бұл биылғы егінді қабылдауға жеткілікті болмақ.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ