ДИКТОР: Бурабайда "Qazaq green fest-2023" жаңартылатын энергетика жөніндегі II Халықаралық іскерлік фестивалі өтті. Іс-шара барысында Қазақстан үшін энергетикалық көшудің өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, биыл Ақмола облысында 6 жел электр станциясын салу көзделген. Оған 155 млрд.теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр.

РКС: Соңғы жылдары жаңартылатын энергетика секторы дамудың жаңа сатысына көтерілді деуге болады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру үлесі 4,5 процентке жеткен. Аймаққа келсек, қазір 9 жел электр станциясы салынған.

СНХ: НҰРЛАН ҚАПЕНОВ, «QAZAQ GREEN» ЖАҢАРТЫЛҒАН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінде жасыл энергетика жүзеге асыруда біршама қиындыққа тап болып отыр. Қазақстан соңғы 8-9 жылда үлкен жетістікке қол жеткізді. Қуаттылығы 2,5 гигаватт болатын жаңартылған энергия көзінің 130-дан астам нысаны салынды. Десе де, соңғы 2 жыл көлемінде жасыл энергетиканың даму көлемі төмендеді. Біздің сала алдында тұрған кедергілерді дәл осы жерде жан-жақты талқыладық.

РКС: Шілденің 1-інен бастап электр энергиясы нарығының жаңа моделіне көшу жоспарланып отыр. Ол электр энергиясы мен теңгерімді нарықта бірыңғай сатып алушы механизмінің базасында жүгезе асырылмақ. Қазіргі уақытта электр энергиясын тарату мәселесі өткір тұр. Сала мамандары табиғи газдың үлесін арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтуде.

СНХ: ГҮЛЖАН НӘЛІБАЕВА, ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАРЖЫ-ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Қазір барлық электростанциялар электр энергиясын жалпы 70% көмірмен жағылады. Сондықтан,көмір электростанциялары олар бұндай технологический бұндай режиммен жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Ондай мүмкіндік оларда жоқ. Сондықтан неге нарықты көмір электростанциялары жалпы төменгі базаны алып жатса,ал неге газовый электростанциялар тек жаңағы күндізгі және кешкі пикті ала алмайды деген сұрақ туындап жатыр. Себебі тұтынушыға осындай график керек.

РКС: Елімізде 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы қабылданды. Фестивальда Қазақстанда алғашқы ерікті көміртегі сертификаты іске қосылатыны жарияланды. Сондай-ақ, іс-шара қорытындысы бойынша іскер қоғамдастық Қазақстан Үкіметіне үндеу-хартиясын дайындады.

АҚМАРАЛ ҚҰСАЙЫНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.