ДИКТОР: Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахнасында тұңғыш рет «Folk-Simphony Kokshetau» фестивалі өтті. Сонау ерте замандардан бастау алатын, өзіндік ерекшелігі бар киелі өнердің ажырамас бір бөлігі саналатын Қазақстанның музыкалық жанры дәріптелді.

РКС: Еліміздің түрлі өңірі мен таяу шет елдерден келген кәсіби музыканттар күллі түркі әлемінің этно-музыкасын, ұлттық аспаптарын қайта жаңғыртқандай әсер қалдырды.

ИНТЕРШУМ: оркестрдің орындауында шығармадан үзінді

РКС: Жезқазған өңірінен келген кәсибі музыкант Азамат Бақияның жеке коллекциясында бір жарым мыңнан астам музыкалық аспап бар. Оның арасында 2,5 ғасырлық көне және түпнұсқалық аспаптарды да кездестіруге болады. Жасайтын да, ол аспапта ойнайтын да өзі.

СНХ: АЗАМАТ БАҚИЯ, КӘСІБИ МУЗЫКАНТ: «Folk-Simphony Kokshetau» фестиваліне келгеніме қуаныштымын! Бұл үлкен еңбек деп білемін. Осы жердің тұрғылықты жастардың, көрермендердің этномузыкамен таныстыру және ертеде қолдаған аспаптарды таныстыруды, болашаққа тән деп түсінем өзім. 18 жыл қазақтың аспаптарын жасаумен,оны қолданумен айналысып келемін.

РКС: Шор фольклорының алғашқы жазбалары XVI ғасырдың екінші жартысында пайда болған деген дерек бар. Олардың арасында домбыраға ұқсас екі ішекті – қай қомус аспабында орындалатын эпостық жырлар ерекше орын алды. Қай қомустың сүйемелдеуінде көмеймен ән айтатын орындаушыны – кайчи деп атаған. Қазіргі кезде кайчилар жоқ.

СНХ: ЧЫЛТЫС ТАННАГАШЕВА, КӘСІБИ МУЗЫКАНТ (РЕСЕЙ): Мен таулы Шориядан келдім. Ол Ресейдің Кузбасс жағында орналасқан. Музыкамен айналысқаныма 20 жылдан асты. Менің міндетім – Шор халқы туралы жан-жақты мағлұмат беру. Қазақстанға жиі келемін, Астана мен Алматы қалаларында көбірек боламын. Ал Көкшетауға алғаш келуім. Жалпы Солтүстік Қазақстан өңірінде бірінші рет болып тұрмын. Маған қала ұнады. Жақсы әсер қалдырды. Әдемі және жайлы қала екен.

ИНТЕРШУМ: Чылтыс Таннагашеваның аспапта орындауынан үзінді

РКС: Сондай-ақ қазақтың музыкалық көне аспаптарын шебер меңгерген сазгер, фольклор зерттеуші, мульти-аспапшы Еділ Құсайынов Еуропа, АҚШ, Азия елдерінің үлкен сахналарында өнер көрсетіп жүрген дарын. Жиналған қауым өнерпаздың өнеріне тәнті болды.

СНХ: ГҮЛБАНУ БЕКІШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Фестиваль күшті болды! Маған күшті ұнады! Біз таң қалдық! 2000 ол қазір ақша емес, бірақ қандай күшті көңіл-күй алдық. Қасқырдай улаған, бірінші рет естіп тұрмын тірідей. Телевизордан басқаша, ал былай естіген өте күшті екен. Әсерлі! Әттеген-ай тағы бір-екі сағат болса, күшті болар еді. Мұндай фестиваль болу керек, Көкшетауға келу керек. Жиі-жиі келсе риза боламыз.

РКС: Айта кетейік, «Folk-Simphony Kokshetau» фестивалі Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахнасында жексенбіге дейін жалғасады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ