ДИКТОР: №12 мектептің оқушысы Мария Кандрашева «Чернокнижник» атты кітабын шығарды. Автор туа бітті сал ауруына шалдыққан. Жігері жасымайтын жігерлі жас жазушы өз шығармаларын детектив жанрында жазған. Кітаптың таныстырылымына ұстаздары, туған-туысқандары, сыныптастары қатысты.
РКС: Ерекше дарын иесі 6 жасынан бері қолына қалам ұстап, түрлі әдеби шығармалар жазып келеді. Бүгінде оның 10-ға жуық әңгімесі бар. Шығармаларының көпшілігі отбасы,адамгершілік қасиеттер тақырыбына арналған. Сонымен бірге, кітапта жас өреннің өз қолымен салған суреттері де бар.
СНХ:АННА КАНДРАШОВА, МАРИЯНЫҢ АНАСЫ: Біз қалалық жарыста бірінші орынды иелендік. Сырқатына қарамастан көптеген оқушыларымызда жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Менің қызым бос уақытында сурет салып қана қоймай, түрлі әңгімелер жазады.Спорттық шараларға қатысады. Осы жерде ұстаздарына алғысымды айтқым келеді.
РКС: Автордың айтуынша, мұндай жинақ шығару туралы ой аяқ астынан пайда болған. Әжесі және анасының қолдауы арқасында уақыт өткен сайын қаламы шыңдала берді. Бұл кітаптың шығуына себепкерлерінің бірі ұстаздары.
СНХ:ДАНИЯР ОРЫНБАЕВ, №12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ: Марияны мен 4 жыл оқыттым. Ол талантты оқушы. Біз әрдайым философиялық тақырыптарды талдаймыз. Әр күн сайын ол басқа қырынан ашылады.Сабаққа тыңғылықты дайындалады.
РКС: Кітап әзірге санаулы ғана данамен басылып шықты. Мұқабасы жұқа көрінгенімен, ішіндегі мазмұны терең. Автор реті келсе әлі талай мәселені көтеріп, кітап жазу ойында жүргенін айтты.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ