ДИКТОР: Өңір өнері өрге жүзген өнерпаздарға бай. «Абылай ханның 310 жылдығы», «Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығы», «Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына» арналған «Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар байқауының гала-концертіне аймақтың көптеген тума таланты жиналды. Анықтап айтсақ, 276 ауылдық округтен және 3 қаладан 70 мыңға жуық шығармашыл жан өнер көрсетті. Ал гала-концертке 16 мыңнан астам өнерпаз көрерменді тәнті етті.
ИНТЕРШУМ: дауылпазбен орындалған ән
РКС: Аудандық гала-концерттерге 16 мыңнан астам өнерпаз қатысты, оның 7 мыңдайы ауылдық округтен. Атабаевтар отбасылық ансамблі, «Шаттық» фольклорлық ансамблі , «Бұраң бел» би ансамблі, «Қыздар» ВИА , «Керім-ай», «Әжелер» ансамблі және өзге де топтар өнер көрсетті.
СНХ: ГҮЛШАТ ӘБУБӘКІРОВА, «ӘЖЕЛЕР» АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің әжелер ансамблі 2013 жылы құрылды. Қазір 80 округтен, 80 әженің қатары бар. Бүгінгі Көкшетауға 45 әже болып келдік. Әжелердің репертуарында патриоттық әндер бар. Негізі әжелер үлкен қазына. Сондықтан біз ойлаймыз, Әжелер жүрген жерде мереке бар, береке бар деп.
РКС: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев өнерпаздарды құттықтады. Сонымен қатар, байқау қатысушыларына дипломдар мен бағалы қаржылай сыйлықтар табысталды. Бас жүлдегерлерге автокөлік сыйға тартылды.
ИНТЕРШУМ: марапаттау рәсімі
СНХ: АЙНАГҮЛ КӨҢБАЙ, ҚОСШЫ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ, МӘДЕНИЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Ақмола жұлдыздары» байқауына біз 3 рет қатысып отырмыз. Былтыр және биыл біз қатарынан бас жүлде алып жатырмыз. Қосшы қаласы өнерпаздарға өте бай қала. Тек дамыту керек, жұмыс істеу керек. Таланттардың мекені қосшы қаласының болашағы жарқын. Ақмола облысының өнері жасай берсін. Мәдениет дамытушылардың қатары көбейе берсін.
РКС: Гала концерт өте жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың қуаныштары көз тоярлық. Көрермендер ұмытылмастай әсер алды.