ДИКТОР: Биыл Қазақстанның метрологиясына 100 жыл толып отыр. Облыс орталығында саналы ғұмырын өлшеу ісімен байланыстырғандарға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс еттілді. Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы облыстық филиалы метрологиялық қызметінің ардагерімен кездесіп қайтқан материалға назар аударыңыздар.

РКС: Бұл ғылым көзбен емес, нақты дәлдік қажет болған кезде көмекке келеді. Онсыз замануи үй салу мүмкін емес. Кез-келген жаңашылдықты ойлап табу да қиынға соғады. Еңбек ардагері Лилия Козлова аталған ұйымға 1978 жылы келген. Ал саладағы қызметі одан да ертерек басталыпты. Жарты ғасырға жуық уақыт өлшеу құралдарын тексеріп келеді.

СНХ: ЛИЛИЯ КОЗЛОВА, ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ СЕРИФИКАТТАУ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МАМАНЫ: Ол кезде метрология енді дами бастаған кезең еді. Сол тұста мен техникумға оқуға түстім. Осы жерден өстім, өндім десем болады. Қазақстанның метрологиясына 100 жыл болса, менің еңбек өтілім жарты ғасырға жуықтапты. Өзімді басқа салада еш елестете алмаймын.

РКС: Метрологияның біздің өміріміздің бір бөлшегіне айналған деуге әбден негіз бар. Өткен ғасырларда метрологиясыз еш жұмыс бітпеген. Тек мына құрылғылар сәл өзгешелеу болатын. Қазір заманауи техниканың көмегімен кез келген жұмыс атқарылады.

ИНТЕРШУМ:жабдықты көрсетеді

СНХ: НҰРБЕК ХАБИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Қазір облыс бойынша 20-дан астам сынақ және калибрлеу зертханасы жұмыс істеп тұр. Олардың барлығы сәйкестікке аккредиттелген. 100 жылдық мерекеге орай Қазақстан бойынша ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Оның бастамашысы «Қазстандарт» пен метрология және техникалық реттеу комитеті.

РКС: Ғасырлық мерейтойға орай аталған сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, Құрмет грамоталары мен гүл шоқтары табысталды.

МАРАЛ ІЛИЯС, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ